Шілде 2023

WhatsApp Image 2023 07 31 at 19.01.15

Қызылордада қаражат жетіспеушілігінен мектеп құрылысы аяқсыз қалған

Қызылордада қаражат жетіспеушілігінен мектеп құрылысы аяқсыз қалған «Бәйтерек» шағын ауданындағы білім ұясының құрылысы 4 айдан бері тоқтап тұр. Негізі мектеп былтыр тамыз айында пайдалануға берілуі керек болған. Алайда мердігер бюджет қаражатын жеткізе алмай әлекке түсіпті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі. Тұрғындар Бәйтерек шағын ауданына 7 жыл бұрын қоныстана бастаған. Содан бері мыңдаған отбасы көшіп келсе […]

Қызылордада қаражат жетіспеушілігінен мектеп құрылысы аяқсыз қалған Толығырақ »

WhatsApp Image 2023 07 24 at 20.30.25

Қызылорда облысында малшылар қауіпті өткелден қорқып отыр

Қызылорда облысында малшылар қауіпті өткелден қорқып отыр Арал ауданына қарасты Қарақұм ауылының маңындағы темір жол өткелі бір жарым айдан бері бақылаусыз тұр. Яғни пойыз жақындағанда өткелді жабатын қызметкерлер жұмысын тоқтатқан. Ал ауыл тұрғындары осы маң талай жанның да, малдың да ажалына себеп бола ма деп алаңдаулы, деп хабарлайды  «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі. оқи отырыңыз Ауылдықтардың айтуынша,

Қызылорда облысында малшылар қауіпті өткелден қорқып отыр Толығырақ »

Зауыттағы шу

Қызылордада тағы бір зауыттан шу шықты.

Қызылордада тағы бір зауыттан шу шықты. Қаладағы Берке хан көшесінің тұрғындары бетон шығаратын өндіріс орынның жұмысына наразы. Айтуларынша зауыттың жұмысы түнгі мезгілде қызады екен. Қондырғылардың дыбысынан демалуға еш мүмкіндік жоқ дейді тұрғындар. Сол себепті шіліңгір шілдеде қызылордалықтар есік-терезелерін тас жауып отыруға мәжбүр көрінеді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі. Зауыт пен тұрғын үйлердің арасында тек бір

Қызылордада тағы бір зауыттан шу шықты. Толығырақ »

Қызылордада тіршілік нәрінің тапшылығынан диқандардың еккен егіні құрғап барады

Қызылордада тіршілік нәрінің тапшылығынан диқандардың еккен егіні құрғап барады Қармақшы ауданының шаруа қожалықтары егінді суара алмай әбігерге түсіп жатыр. Қожалық иелерінің айтуынша алқаптарына жеткілікті судың ақысын әу баста төлеп қойған. Шілденің шіліңгірінде еккен егініміз қурап бітетін болды дейді диқандар. Су шаруашылығы мекемесіндегілер тиісті тіршілік нәрін бермей, тарықтырып отырғанын айтып налиды. Деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қызылордада тіршілік нәрінің тапшылығынан диқандардың еккен егіні құрғап барады Толығырақ »

Мұстафа Шоқайдың мүсіні

Мұстафа Шоқайдың мүсіні қоғамдық орында емес далада шаң басып жатыр!

Мұстафа Шоқайдың мүсіні қоғамдық орында емес далада шаң басып жатыр! Еліміздің тарихы болып есептелетін ескерткіштердің бүгінгі күйі мәз емес. Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданында төрден ойып тұрып орын алуға тиіс Мұстафа Шоқайдың ескерткіші жеке азаматтың ауласында тұр. Өйткені шенеуніктер түркі әлеміне ортақ тұлғаның бюстын аллеяға орнатуға үзілді-кесілді рұқсат бермеген, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.   Шиелі

Мұстафа Шоқайдың мүсіні қоғамдық орында емес далада шаң басып жатыр! Толығырақ »

Азаттық-Ньюс Ақпараттық агенттігі

Бір мезетте 600 адам жұмыссыз қалуы мүмкін!

Бір мезетте 600 адам жұмыссыз қалуы мүмкін! Оған себеп Шиелі ауданындағы цемент өндіретін зауыттың жабылу қаупі. Шетелдік инвесторлардың 64 миллиард теңге қаржысына салынған өндірістің жұмысына кедергі болған бірнеше тұрғынның арызы екен. Олардың айтуларынша зауыт тұрғын үйлерге тым жақын орналасқан көрінеді. Ал, сол ауылдың басқа көпшілігі бұл пікірмен келіспей отыр. Тіптен өндіріс орны жабылса елді мекеннің

Бір мезетте 600 адам жұмыссыз қалуы мүмкін! Толығырақ »

azattyq-news

Сападан жұрдай мемлекеттік баспана!

Сападан жұрдай мемлекеттік баспана! Қызылорда қаласында тұрғындар мемлекеттік бағдарламамен алған пәтерлеріне қоныстана алмай жүр. Өйткені шенеуніктер көпбалалы және мүгедек жандарға айналасы аңғал-саңғал, не ауыз суы, жарығы, табиғи газ бен жолы жоқ баспана берген. Тіпті пәтерлердің іші әбден тозған. Ал қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай мәселені шешудің орынына шағымын айтқан тұрғындардың өзіне жекіп тастады, деп хабарлайды 

Сападан жұрдай мемлекеттік баспана! Толығырақ »

Конго-қырым безгегі

Тағы бір адам көз жұмды. Шиелілік тұрғындар кенеден үрейленіп отыр

Тағы бір адам көз жұмды. Шиелілік тұрғындар кенеден үрейленіп отыр Қызылорда облысында конго-қырым безгегіне шалдыққан тағы бір адам қайтыс болды. 32 жастағы марқұм Шиелі ауданында тұрған. Ал бір апта бұрын өңірде дәл осы қатерлі дерттен екі азамат көз жұмған еді. Мұндай қаралы хабарды естіген Шиелі ауданының тұрғындары биыл кенені улау жұмыстары мүлде жүргізілмеді деп дабыл

Тағы бір адам көз жұмды. Шиелілік тұрғындар кенеден үрейленіп отыр Толығырақ »

Прокурорлар білезігі

Прокурорлар білезік тақпақ

Прокурорлар білезік тақпақ Қызылорда облысында прокурорлардың бастамасымен пилоттық жоба іске асырылды. Құзырлы орган құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бұрын соңды қылмыс жасаған азаматтарға электронды білезік тақпақ. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 84 миллион теңге қаралған екен, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық агенттігі. Бір білезіктің құны 140 мың теңге болады деп күтілуде. Прокурорлардың мәлімдемесі бойынша Сыр өңірінде пробациялық

Прокурорлар білезік тақпақ Толығырақ »

Денемізге жара қаптады

“Денемізге жара қаптады” Жалағашта тұрғындар зауыт кесірінен жаппай ауырып жатқанын айтады

“Денемізге жара қаптады” Жалағашта тұрғындар зауыт кесірінен жаппай ауырып жатқанын айтады Ал аудан әкімдігіндегілер жергілікті жұрттың мәселесінен мүлде бейхабар. Тұрғындардың айтуынша көпшілікке зардабы тиіп жатқанын біле тұра, зауыт жұмысына шенеуніктер көз жұма қарап келеді, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық агенттігі. Жалағаш ауданында тұрғындар жиі дертке шалдығуының себебін тыңайтқыш шығаратын зауыттан көріп отыр. Айтуларынша көпшілік бірнеше жылдан

“Денемізге жара қаптады” Жалағашта тұрғындар зауыт кесірінен жаппай ауырып жатқанын айтады Толығырақ »