Қызылордада тағы бір зауыттан шу шықты.

S3790068.MP4.Still010

Қаладағы Берке хан көшесінің тұрғындары бетон шығаратын өндіріс орынның жұмысына наразы. Айтуларынша зауыттың жұмысы түнгі мезгілде қызады екен. Қондырғылардың дыбысынан демалуға еш мүмкіндік жоқ дейді тұрғындар. Сол себепті шіліңгір шілдеде қызылордалықтар есік-терезелерін тас жауып отыруға мәжбүр көрінеді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

S3790068.MP4.Still001

Зауыт пен тұрғын үйлердің арасында тек бір дуал. Берке хан көшесінің тұрғындары соңғы 5 жылдан бері көрген күніміз осы деп налиды. Бетон өнімдерін шығаратын өндіріс орын тұрғындардың арыз-шағымына қарамастан жұмыстарын кешкі мезгілде тоқтатпайды екен.

S3790068.MP4.Still005

– Кішкентай балаларымыз бар. Шаң-тозаң! Есікті аша алмаймыз. Кірді есіктің алдына жая алмаймыз. Объем алған кезде азанғы сағат 7 ден бастайды түнгі 2-3 демейді. – дейді АЙЗАТХАН КИСИКОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3790068.MP4.Still004

– Енді түнде келіп камаздар борттарын дүрсілдеткенде бомба жарылып жатқандай болады. Менің кішкентай немерем бар, мұрынмен демала алмайды. – дейді ӘБДІМӘЛІК ҚОРДАБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

S3790068.MP4.Still002

Денсаулығы сыр берген тұрғындар экологтарға арызданыпты. Ондағылар келіп, сынамаларын алғаннан басқа іс-әрекет жасамапты. Мұнан соң тұрғындар қала әкімдігіне арыз түсіріпті.

S3790068.MP4.Still006

– 2022 жылы горакиматқа жаздық. Алдарына да бардық көршілермен. Комиссия жібереміз деп еді одан еш нәтиже жоқ. – дейді ЕРБОЛ ӘБДІМӘЛІКҰЛЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

Қала шенділері арыз келіп түскенін растады. Кәсіпкермен де кездесіпті.

S3790068.MP4.Still007

– Қазіргі таңда біз кәсіпкермен келіссөздер жүргізіп, аталған зауытты басқа аумаққа көшіру ұсынысы айтылды. Ол кісілер тарапынан қазір біздің берген ұсынысымыз қабылданып, қазір жұмыстар жүргізілуде. – дейді ҒАЛЫМЖАН ЕРКЕБАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ.

S3790068.MP4.Still011

Зауыт басшылығы болса барлығын заң шеңберінде жасап жатырмыз дегенді айтады. Ал тұрғындардың «кәсіпорын түнгі мезгілде жұмыс жасайды» деген сөзімен келіспеді.

S3790068.MP4.Still008

– Құжаттармен официально жұмыс істеп жатқан мекемеміз. Госпланды қарасаңыздар бұл производственная зона. Сатып алғанымызда сондай болды. Біз енді түнгі 10-ға дейін жұмыс істемейміз. Барлығын бала-шағасы бар. Азанғы 9-дан бастап кешкі 6-7-ге дейін ғана жұмыс істеледі бұл жерде. – дейді ЖӘНІБЕК ЖАНАЙБЕК, «ЖАНАЙШАМ» ЖШС-НІҢ ДИРЕКТОРЫ.

Ал, санитар-эпидемиолог мамандар болса зауыттың тұрғын үйлерге орналасуы талапқап сай емес дегенді айтады. Тұрғындар мекемеге арыз түсірсе егжей-тегжей қараймыз дейді.

S3790068.MP4.Still009

– Бетон өнімдерін өндіретін зауыт болса ол тұрғын үйлерден 300 метр қашықтықта орналасуы керек. Ал, бетон өндіру құрылғысының өзі ғана болса 100 метр қашықтықта орналасуы тиіс. – дейді ЕРЛАН ҰЗАҚБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕОМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ.

Зауыт иелері екі айда өнідірісті көшіреміз деп уәде етті. Тұрғындар алайда бұл сөзге сенімсіздік танытып отыр. Себебі «кәсіп орын көшіріледі» деген әңгіменің шыққанына 3 жыл уақыт болыпты.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x