Мұстафа Шоқайдың мүсіні қоғамдық орында емес далада шаң басып жатыр!

Мұстафа Шоқайдың мүсіні

Еліміздің тарихы болып есептелетін ескерткіштердің бүгінгі күйі мәз емес. Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданында төрден ойып тұрып орын алуға тиіс Мұстафа Шоқайдың ескерткіші жеке азаматтың ауласында тұр. Өйткені шенеуніктер түркі әлеміне ортақ тұлғаның бюстын аллеяға орнатуға үзілді-кесілді рұқсат бермеген, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі. 

WhatsApp Image 2023 07 14 at 19.05.18 1

 Шиелі ауданына қарасты 1-мамыр ауылының тұрғыны Еркінбай Ерғалиев Мұстафа Шоқайдың ағасы Сыздықтың үшінші ұрпағымын дейді. Еркінбай 3 жыл бұрын  ауылдың кіре берісіне қайраткердің атындағы аллея ашылғанда қатты қуаныпты. Сол сәтте мектептердің бірінен алынған бюстты өзі қайтадан қалыпқа келтіріп, саябақтың төріне орнатқан. Алайда бюст тұғырында ұзақ тұрмады. Небәрі он күннен кейін ауыл әкімі оны заңсыз деп, алдыртып тастаған. Амалсыз, бар қазаққа аты мәлім атамыздың мүсінін аулама әкелдім дейді тұрғын.

WhatsApp Image 2023 07 14 at 19.05.18

“Қаладағы мектеп тұрған. Мектепте оны алдырып жаңасын орнатыпты. Ал біз ескісін жөндеп әкеп қойғанбыз. Он күннен кейін заңсыз деп алып тастады. Содан менің есігімнің алдында тұр. Енді бауырларыма, балаларыма көресете аламын. Келген адам мынау кім дейді. Бабам деймін”, – дейді тұрғын тарихи тұлғаның ұрпағы Еркінбай Ерғалиев.

WhatsApp Image 2023 07 14 at 19.05.18 2

Содан бері аллеядағы тұғыр бос тұр. Тарихи тұлға мүсінін басшылардың осылай  қор қылғанына күйінемін дейді Еркінбай Ерғалиев. Оның үстіне ауылдың кіре берісінде орналасқан Мұстафа Шоқай саябағы қазір күтімсіз қалған. Бюджеттің 46 миллион теңгесіне салынса да, ағаштары қурап, орындықтары қирап жатыр. Ал ауыл әкімі бюст о баста саябақтың жобасында болмағандықтан алдыртып тастадық дейді.

WhatsApp Image 2023 07 14 at 19.05.17

“Жанымыз ауырады ғой енді. Бірақ енді біздің өзіміздің қолымыз қысқа ғой. Жоғарыдан рұқсат етіліп жатса, қаражатын бөлуге аудан басшысы ешқашан қарсы емес. Бөлуге дайын”, – дейді Сұлутөбе ауылдық округінің әкімі ГӘЖДЕНБЕК МАМАТОВ.

Жаны ауырып жүрген әкім мәселені шешу қолынан келмейтінін мойындайды. Сондай-ақ дайын бюст Мұстафа Шоқай аллеясына қойыла ма, жоқ па айтпады. Жалпы Қызылордада белгілі де, белгісіз  тұлғаларға арналған ескерткіштер өте көп. Тіпті шенеуніктердің әкесінің атына берілген көшелер де бар. Түркі әлеміне ортақ тұлға Мұстафа Шоқай мүсінін ауласында ұстауға мәжбүр болған Еркінбай Ерғалиев осыған қапаланады.

Автор: Абай Нұржанұлы

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x