«Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
Баспаналы болуға ниеттеніп жүрген жандар үшін қуанышты жаңалық. Елімізде «Наурыз» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Жаңа бағдарламаға барлық қазақстандықтың қатысуына мүмкіндік бар, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау 30 маусымға дейін жалғасады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Отбасы банкі» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Әділжан Сәулебаев хабарлады.
«Мемлекет басшысы Атырауда өткен ұлттық құрылтайда «Наурыз» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасының қосылатындығын хабарлаған болатын. Қазіргі таңда жаңа бағдарламаға өтінім қабылдау басталып кетті. Өтінімдерді «Баспана маркет» порталына жолдауға болады. «Наурыз» бағдарламасының негізгі шарттары мынадай: алғашқы жарна – 20 пайыздан басталады, азаматтардың барлық санаттары үшін несиелеу мөлшері 9 пайыз, ал әлеуметтік осал санаттағы жандар үшін 7 пайыздан басталады. Несиелеу мерзімі – 19 жыл. Бұл бағдарламаға барлық санаттағы азаматтар қатыса алады», – деді ӘДІЛЖАН СӘУЛЕБАЕВ.
Бағдарламаға қатысу үшін отбасы банкінде депозит шотын ашу керек, бірақ салым мерзімі ескерілмейді. Жинақ шотында кемі 1 млн теңге көлемінде қаражат болуы керек. Бұл қаржыны бағдарламаға қатысуға өтініш берер алдында аударуға болады. Сондай-ақ, соңғы 5 жыл ішінде азаматтардың және оның отбасы мүшелері меншігінде тұрғын үйдің болмауы тексеріледі. Жаңа тұрғын үй бағдарламасы 8 жылға арналған. Осы уақыт аралығында еліміздегі 68 мыңға жуық азамат қоныс тойын тойлайды деп жоспарлануда.
Қаралған саны: 65
Бөлісу:
0
0
votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments