Қызылордада тіршілік нәрінің тапшылығынан диқандардың еккен егіні құрғап барады

Қармақшы ауданының шаруа қожалықтары егінді суара алмай әбігерге түсіп жатыр. Қожалық иелерінің айтуынша алқаптарына жеткілікті судың ақысын әу баста төлеп қойған. Шілденің шіліңгірінде еккен егініміз қурап бітетін болды дейді диқандар. Су шаруашылығы мекемесіндегілер тиісті тіршілік нәрін бермей, тарықтырып отырғанын айтып налиды. Деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қожалық иелері құрғақшылық қолдан жасалып жатыр деген пікірде. Айтуларынша диқандар жауаптылардың жүйесіз жұмысының кесірінен тиісті су көлеміне қол жеткізе алмай отыр.

12455

“100 гектардың үстінде жеріміз 25 атыздай жерде су қазір құрғап қалды. Күнде кезектестіріп жатырмыз. Оған болмай жатыр. Алды күйіп бастады. Су болмаса, жаңағы жерлердің бәрі өнім бермей қалады”, – дейді “Жаңа жол” шаруақожалығының агрономы Төлеу Ерәлиев.

82245

“Барлық жерде өтірік ақпар. Қазсушар мекемесі жұмыс істеймейді. Ауыспалы егіс жүйесі сақталмаған. Размещениеде жоқ жерлерге су берумен айналысып келе жатыр”, – дейді шаруақожалық төрағасы Еркін Бекжанов.

Айта кетейік, елімізде биыл шамамен 100 мың гектар жерге күріш егілген. Ал оның 88 мың гектары Қызылорда облысына тиесілі. Яғни ішкі нарықты түгелдей дерлік күрішпен қамтып отырған өңірдің диқандары биыл өнім аз болуы мүмкін деп дабыл қағып отыр. Десе де, жауапты министрліктің жоспары бөлек екен. Олар елде күріш дефицитінің болмайтынына сенімді.

экрана 2023 07 18 120649

“Былтырмен салыстырғанда күріш алқаптарының өскендігіне қарағанда сол шамада күрішке қатысты ешқандай дефицит болмайды деген сенімдеміз. Диқандардың арқасында елімізді қазіргі уақытта 100-150 пайыз өз-өзімізді қамтамасыз етіп отырмыз”, – дейді Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз хатшысы Дамир Аспан.

Ал су шаруашылығының мамандары Сырдария өзенінен келетін судың көлемі аз дейді. Алқаптардың құрғап қалуына тағы бір себеп облыста жоспарланған аумақтан көп егін егілген. Сондықтан алдағы уақытта тіршілік нәрін көп қажет ететін күрішті азайту керек деп есептейді.

82242

“Күріштің бағасы үлкен екен деп күріш еге беретін болсақ, ертең біз жерді құртамыз. Біз о баста 80-85-тің шамасында ғана егу керек деп айтқанбьыз. Бірақ қазір 88 мың 100 гектардай күріш егіліп жатыр”, – дейді “Қазсушар” РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары Жарабек Ерназаров.

Сондай-ақ мамандар трансшекаралық өзен арқылы алдағы уақытта Қазақстанға қанша көлемде су келуі мүмкін екенін де болжай алмай отыр. Айтуларынша төрт мемлекеттен өтетін Сырдария өзені жайлы көрші елдерден ақпарат алу қиын. Ал облыстың диқандары әсіресе осы жылы тіршілік нәрінің тапшылығынан титықтап отыр. Мәселен жаз басында Жаңақорған ауданында да егіс даласына су жетпей, себілген дән құстарға жем болған еді.

Автор: Абай Нұржанұлы

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x