Жангали Ыскак

экрана 2024 05 08 234853

Қор болған елтаңба

Қор болған елтаңба Қызылорда қаласының мөлтек аудандарының бірінде мемлекеттік рәмізіміз қоқыс жәшігінде жатыр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі. «Южный» мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үй ауласындағы қоқыс жәшіктерінен тұрғындар мемлекеттік рәмізімізді тауып алды. Тұрмыстық қалдықтарының арасында еліміздің елтаңбасы жатқанын айқын көруге болады. Қызылорда қаласының полиция басқармасына ҚР Қылмыстық кодексінің 372 бабы – Мемелекеттік рәміздерді қорлау дерегі […]

Қор болған елтаңба Толығырақ »

Екі жұмысшы тоққа түсіп мерт болды

Екі жұмысшы тоққа түсіп мерт болды Қайғылы оқиға Қызылорда облысының Шиелі ауданында тіркелді. Ауыр техникамен құрылыс заттарын көтеру кезінде темір құбыр жоғарғы кернеулі сымға тиіп, екі адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше оқиға орнында 24 жастағы Қазақстан азаматы мен 32 жастағы Өзбекстан азаматы қайтыс болған.  Тағы бір

Екі жұмысшы тоққа түсіп мерт болды Толығырақ »

MVI 0033.MP4.Still001

Қызылордада төселген жолдардың 30 пайызынан мамандар кемшіліктер анықтады

Қызылордада төселген жолдардың 30 пайызынан мамандар кемшіліктер анықтады Салдарынан жөндеуден өткен жолдар жарты жыл өтпей жатып қирап жатыр. Қызылордалықтар бұл жайтқа жергілікті билік өкілдерін кінәлап отыр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі. Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округіндегі Сексенбаев көшесінің орташа жөндеуден өткеніне 6 айдың жүзі де болмапты. Сметалық құны 22 миллион теңгеден асып жығылатын нысанның

Қызылордада төселген жолдардың 30 пайызынан мамандар кемшіліктер анықтады Толығырақ »

MVI 9540.MP4.Still002

Есімі түркі әлеміне белгілі Хорасан атаның кесенесі абаттандырылды

Есімі түркі әлеміне белгілі Хорасан атаның кесенесі абаттандырылды Демеуші кесенеге жол салып, жарықпен қамту жұмыстарына 100 миллион теңгеден астам ақша бөлген.  Кәсіпкердің бас мақсаты баба рухына тағзым етіп қана қоймай, тарихи орынға ағылып келетін туристерге қолайлы жағдай жасау, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі. Көктем келіп күн жылынғанда жақын маңдағы ауылдардың жас-кәрісі “Хорасан ата” кесенесіне жиналады.

Есімі түркі әлеміне белгілі Хорасан атаның кесенесі абаттандырылды Толығырақ »

MVI 8939.MP4.Still002

Күзетшіні көлікпен қағып, тепкінің астына алған жүргізуші қамалды

Күзетшіні көлікпен қағып, тепкінің астына алған жүргізуші қамалды Белгісіз біреудің адамды  көлікпен әдейілеп қаққан бейнежазбасы қазақстандықтарды шошытты. Оқиға Алматы қаласында орын алды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі. Кадрлардан көлік тізгіндеген жүргізуші түрғын үй кешенінің күзетшісімен жанжалдан соң, машинасына отырып қақпа қасында тұрған ер азаматты арнайылап басқанын байқауға болады. Мұнымен шектелмеген ол көліктен түсіп,  қансырап жатқан

Күзетшіні көлікпен қағып, тепкінің астына алған жүргізуші қамалды Толығырақ »

zakladchiki

Есірткі тасымалдаған ұстаз ұсталды

Есірткі тасымалдаған ұстаз ұсталды Ақмола облысының тәртіп сақшылары ірі көлемде синтетикалық есірткіні тасымалдаған 37 жастағы әйелді ұстады. Ол – бастауыш сыныптардың ұстазы болып шықты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі. Есірткі тасымалымен айналысқан келіншек 10 жыл  Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық мектептерінің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген. Ұстаздықтан кеткен ол нашаға әуестенген екен. Полицейлер оны Степногорск қаласынан

Есірткі тасымалдаған ұстаз ұсталды Толығырақ »

5SsLfIyD JY

«Қаңтар оқиғасы» кезінде азаптағаны үшін бұрынғы полиция қызметкерлері сотталды

«Қаңтар оқиғасы» кезінде азаптағаны үшін бұрынғы полиция қызметкерлері сотталды Талдықорған қаласының сотымен 18 наурыз 2024 жылы “қаңтар оқиғасы” барысында азаптау фактілерін қолданған бұрыңғы полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі. Қылмыстық іс Жетісу облысының арнайы прокурорларымен тергеп-тексерді. Мемлекеттік айыптаушылар 2022 жылғы 5-16 қаңтар аралығында Алматы облысы полиция Департаментінің ғимаратында кінәлі тұлғаларға қатысты

«Қаңтар оқиғасы» кезінде азаптағаны үшін бұрынғы полиция қызметкерлері сотталды Толығырақ »

4220b3c0 3d4f 4429 bd2a d77ecb30f8fd

Елу жылға жуық құжатсыз жүрген азамат төлқұжат алды

Елу жылға жуық құжатсыз жүрген азамат төлқұжат алды Павлодар облысында 43 жыл бойы ешбір құжатсыз жүрген зейнеткер жеке куәлігін алды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі. Бакен Жакенов 1955 жылы Павлодар облысына қарасты Ертіс ауылында туыс өскен. 1974 жылы Кеңес армиясының қатарына шақырылып, Чехословакиядада өз әскери борышын өтеген. Әскерден соң Ресейдің Санкт-Петербург қаласында зауытта жұмыс істеген.

Елу жылға жуық құжатсыз жүрген азамат төлқұжат алды Толығырақ »

430051684 3751393128522379 882494545450839113 n

Қызылордада қар суы еріп, бөгетті шайып кетті

Қызылордада қар суы еріп, бөгетті шайып кетті Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентінде «Құмсай» бөгетінің тең жартысын су шайып кеткен, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі. «Құмсай» су қоймасы Сексеуіл кентінен 2 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі таңда жауын-шашынның және еріген қар суының мол жиналуынан бөгеттің бір бөлігін су шайып, Тербенбес қырқасының жанындағы сайға су ағуда. Бұдан бөлек,

Қызылордада қар суы еріп, бөгетті шайып кетті Толығырақ »

431739656 1965100743885428 3168505284057311992 n

Қызылордалық оқушылар республикалық жобалар сайысында топ жарды

Қызылордалық оқушылар республикалық жобалар сайысында топ жарды Ақпан айында Тараз қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар сайысында қызылордалық 37 оқушы бақ сынады. Нәтижесінде, 13 оқушы жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі. «Білегіңе сенбе, біліміңе сен», – дейді дана қазақ. Рас, бұл заман білектің емес, білімнің күшімен

Қызылордалық оқушылар республикалық жобалар сайысында топ жарды Толығырақ »