Қызылорда облысында малшылар қауіпті өткелден қорқып отыр

WhatsApp Image 2023 07 24 at 20.30.25

Арал ауданына қарасты Қарақұм ауылының маңындағы темір жол өткелі бір жарым айдан бері бақылаусыз тұр. Яғни пойыз жақындағанда өткелді жабатын қызметкерлер жұмысын тоқтатқан. Ал ауыл тұрғындары осы маң талай жанның да, малдың да ажалына себеп бола ма деп алаңдаулы, деп хабарлайды  «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2023 07 24 at 20.30.24

оқи отырыңыз

Ауылдықтардың айтуынша, қазір қараусыз тұрған өткелдің қызметкерлері жұмыстарын бір жарым ай бұрын тоқтатқан. Содан бері уайымға батқан ел мал мен жанның қауіпсіздігін ойламаған жауаптылардың әрекетіне ашулы.

WhatsApp Image 2023 07 24 at 20.30.24 1

“Басатын болса жылдамдыққа қарамайды. Жүретін болса, қағатын болса машинаның санына қарамайды. Күн тұман, жауын болмайды ма? Тағы басқалар болмайды ма? Сонда біреу міндетті түрде мына тұрған темір жолдың астына түсіп өлу керек пе?”, – дейді тұрғын Абай Әбішов.

WhatsApp Image 2023 07 24 at 20.30.24 2

Бұған қоса ауылдағы перонда да жолаушылар үшін мүлде жағдай жасалмаған. Тұрғындардың айтуынша көпшілік қақаған аяз бен аптап ыстық күндері де пойызды далада тұрып күтеді. Тіпті вагонға мініп-түсудің өзі мұң деп өкпелі.

WhatsApp Image 2023 07 24 at 20.30.23

Ауыл әкімі көпшілікті мазалаған мәселені шешуге қауқарсыз екенін айтады. Бірақ жауаптыларға жазбаша хат жолдадық дейді. Осы темір жол арқылы тәулігіне 10-12 пойыз жүреді. Ал мамандар пойыз бен өткелден өтетін көлік санының аздығына байланысты бақылаушы қызметкерлердің жұмыстары тоқтады дейді.

“Біздің ереже бойынша малды бақташы өзі темір жолдан айдап өту керек. Тоже санына байланысты. 200-ден асса екі адам, 300-400-ден асса 3-4 адам. Бұдан бөлек пойыздың жылдамдығы келмегеннен кейін, саны келмегеннен кейін, көлік сан келмегеннен кейін қызметкерлер жұмысын тоқтатқан”, – дейді Қызылорда магистральді желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов.

Айта кетейік, Қарақұм ауылында 2 жарым мың халық бар. Ал тізімге алынған мал саны 35 мыңнан асады. Яғни төрт-түлікті күнде бақташымен өріске шығару ойға қонымсыз дейді тұрғындар. Ал бірақ жауаптылар алдағы уақытта пойыз саны көбейсе өткелдің де, перронның да мәселесі шешіледі деп сендірді.

Автор: Абай Нұржанұлы

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x