Бір мезетте 600 адам жұмыссыз қалуы мүмкін!

Азаттық-Ньюс Ақпараттық агенттігі

Оған себеп Шиелі ауданындағы цемент өндіретін зауыттың жабылу қаупі. Шетелдік инвесторлардың 64 миллиард теңге қаржысына салынған өндірістің жұмысына кедергі болған бірнеше тұрғынның арызы екен. Олардың айтуларынша зауыт тұрғын үйлерге тым жақын орналасқан көрінеді. Ал, сол ауылдың басқа көпшілігі бұл пікірмен келіспей отыр. Тіптен өндіріс орны жабылса елді мекеннің ғана емес ауданның жағдайы тым нашарлайды дегенді алға тартады. Мұны аудандық әкімдіктің шенділері де растады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

 S3760001.MP4.Still002

«Гежуба Шиелі Цемент» өз жұмысын бес жыл бұрын бастаған. Қарапайым цементтен бөлек зауыт мұнай ұнғымаларына пайдаланатын тампонажды және сульфатқа төзімді цемент өнімдерін шығарады. Былтырғы жылы 1 миллион тонна цемент өндіріліп, бюджетке 2,9 миллиард теңге салық төленген. Бүгінгі күнде өндірісте 220, ал сервистік мекемелерде 380 адам  жұмыс істейді. Ауылда тұрақты жұмыс көзін табу қиын деген олар зауыт жабылып қалса жағдайымыз тым нашарлайды дейді.

S3760001.MP4.Still009

– Біз қайда барамыз? Осы зауыт жабылса айлықсыз бала-шағамызды қалай асыраймыз деген сұрақ туады. Кредиттеріміз бар, жасыратыны жоқ әрқайсымыздың басында біреу емес бірнеше кредиттер бар. Осы зауыттың жабылмағанын қалаймыз! – дейді ТАБИҒАТ ӘБЕКОВ, «ГЕЖУБА ШИЕЛІ ЦЕМЕНТ» ЖШС-НІҢ ИНЖЕНЕР-ТЕХНОЛОГЫ.

S3760001.MP4.Still010

– Соңғы технология, шаң ондай ешнарсе шығып жатқан жоқ. Қарсымыз! Қанша адам жұмыс жасап жатыр осында. – дейді АБЗАЛ АЛДАЖҰМАНОВ, «ГЕЖУБА ШИЕЛІ ЦЕМЕНТ» ЖШС-НІҢ ЭЛЕКТРОИНЖЕНЕРІ

S3760001.MP4.Still001

Жұмысшылардың 90 пайызы жергілікті жерден екен. Қарапайым жұмысшы болып бастаған жандар соңғы 3 жылдан бері көрші Қытай елінде оқып келіп, кәсіби маман атанып жатқан көрінеді. Сол себепті зауытқа жақын орналасқан ауылдың тұрғындары өндіріс орынның жабылуына түбегейлі қарсы.

S3760001.MP4.Still011

-3 мың 500 халықтың ішінде науқастар болады. Оларға дәрі-дәрмегімен, қысқа отын-суымен көмек береді. Төрт үйге газ кіргізіп берді және ауылымыздың іргесіндегі ыза су деген мәселе бар, соған эксоваторын беріп, жалпы құны 20-30 млн теңгенің ісін істеп тастады. – дейді БОДЫБАЙ ҚҰЛАХМЕТОВ, ҚОДАМАНОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

S3760001.MP4.Still008

Зауыттың жабылмауын шенділер де құптап отыр.

S3760001.MP4.Still012

– Оны жапқан біздің экономикамызға жақсы емес. Келешекте инвесторлар кірмей қояды да бізге. Международный сотқа кетіп қалады, бізге жабылуға болмайды! Жұмыс орындары, экономикамыз, біздің үлесіміз. Оны жапқан бізге тиімді емес! – дейді БАҚБЕРГЕН ӘБСАДЫҚ, ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК, ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

S3760001.MP4.Still004

Шенділер цемент өндірісімен айналысатын зауыттың құрылысы 2016 жылы басталғанын сөз етті. Ал тұрғын үйлер тек бірнеше жылдан кейін салына бастапты. Қызылорда облысы санитарлық аймаққа жатуына байланысты өндіріс аймақ пен тұрғын үйлердің ара-қашықтығы бастапқыда 500 метр деп көрсетілген екен. Уақыт өзгере бұл талаптар 1000 метрге өзгерген. Осыны пайдаланған зауыт қасындағы тұрғын үйлердің иелері сотқа талап арыз беріп ұтыпты. Енді зауыт басшылығына ақылға қонбас талаптар қойып отырған көрінеді.

S3760001.MP4.Still013

– Біздің зауыт компенсациядан қашып отырған жоқ. Бірақ әділ компенсация, өзінің үйіне сәйкес бағада дегендей. Ал бүгінде ол кісілер жоғарғы ақылға қонымсыз талаптар қоюда. Алматыдан , Астанадан үй алып беріңіздер деген сияқты. – дейді ҒАБИТ ҚҰЛМАХАН, «ГЕЖУБА ШИЕЛІ ЦЕМЕНТ» ЖШС-НІҢ ЗАҢГЕРІ

S3760004.MP4.Still003

Алайда зауыт басшылығы еш еңбексіз ауылдан бірден елордаға көшіп, су жаңа пәтердің иесі атанбақ болғандармен келіспепті. Заң қызметкерлері алдағы уақытта тек заң шеңберінде жұмыс жасаймыз дегенді айтады.

АВТОР: ЖАНҒАЛИ ЫСҚАҚ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x