Прокурорлар білезік тақпақ

білезік 1

Қызылорда облысында прокурорлардың бастамасымен пилоттық жоба іске асырылды. Құзырлы орган құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бұрын соңды қылмыс жасаған азаматтарға электронды білезік тақпақ. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 84 миллион теңге қаралған екен, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық агенттігі.

S3740001.MP4.Still002

Бір білезіктің құны 140 мың теңге болады деп күтілуде. Прокурорлардың мәлімдемесі бойынша Сыр өңірінде пробациялық есепте тұратын мыңға жуық адам тіркелген. Қайта қылмыс жасауы мүмкін азаматтарды күндіз-түні бақылау мүмкін емес дейді олар. Электрондық қондырғы арқылы қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тәуекел тобындағы адамдардың қайда жүргеннін тәулік бойы бақылайтын болады.

S3740001.MP4.Still001

– Пробация қызметкерлері білезікті өздері кигізеді, өз кілттерімен ашады. Егер оны кесіп, сындырған өрескел жағдай болатын болса, бұзылған кезде бірден сигнал түседі. Қызметкерлер барып фиксация жасап, адамның ол жерден қашып кетуіне жол бермейді. Қызылорда облысы осыны бірінші болып енгізіп етіп жатырмыз. Толық орындалғанан кейін біз оны бас прокуратура арқылы басқа өңірлерге жібереміз. – дейді ИСЛАМБЕК ТӨРЕГЕНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x