Қызылордада төселген жолдардың 30 пайызынан мамандар кемшіліктер анықтады

MVI 0033.MP4.Still001

Салдарынан жөндеуден өткен жолдар жарты жыл өтпей жатып қирап жатыр. Қызылордалықтар бұл жайтқа жергілікті билік өкілдерін кінәлап отыр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

MVI 0033.MP4.Still007

Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округіндегі Сексенбаев көшесінің орташа жөндеуден өткеніне 6 айдың жүзі де болмапты. Сметалық құны 22 миллион теңгеден асып жығылатын нысанның бүгінде жағдайы адам шошырлық.  Кейбір жеріндегі асфальт мүжіліп, жарамсыз болып қалса кейбір жерінде қиыршық тас та жоқ. Жолдың сапасыздығы соншалық көшемен жүрген қоғамдық көліктердің салмағын да көтере алмайды екен.

MVI 0033.MP4.Still003

– Бұл асфальт негізі желтоқсан айында салынған болатын. Мынау гравель тастары, көріп тұрсыздар ғой жаман болып тұр. Сапасын көріп тұрсыздар ғой өте нашар салынған. Бұл жерден маршрут жүргізіп жатқанына қуанғанбыз. Бір аптаның көлемінде быт-шыты шықты. – дейді ФАРИДА АБЗАЛОВА, ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

MVI 0033.MP4.Still002

Ал бұл осы ауылдық округтегі Жахаев тұйығы. Сапасыз салынған жолдың мәселесімен тұрғындар ауыл әкіміне арызданыпты. Жөндеуге келген құрылыс компаниясы ойық тесіктерді жамауда еш стандарттарға сүйелмей жұмыс жасап жатқан көрінеді.

MVI 0033.MP4.Still004

– Мынау істегенге жатпайды. Астында иә құйылып жатқан смоласы жоқ. Үстіне асфальтты құйды. Онда да анау қырылғаны әкімге айтқаннан кейін қырылды. Көшенің басында бір-бір қарауылдан тұрайық. Біздің көшеміздің асфальты нашар деп қалай айтамыз. Асфальт өзінің стандартына салыну керек ғой. – дейді БЕКЗАТ ЖИЕНБАЕВА, ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

Жергілікті әкімдік болса жолдардың сапасыз салынғанын растап отыр. Осыған сай мердігер компанияларға кепілдік мерзіміне сәйкес хаттар жолданыпты. Келісім шартқа сәйкес 2 жылдың көлемінде құрылыс компаниясы пайда болған кемішіліктерді өз қаражатына жоюлары қажет екен.

MVI 0033.MP4.Still006

– Біз де талап қыла береміз. –Екі жыл ғана талап қыла аласыздар ғой. Енді не істейміз? – Екі жылдан соң тағыда быт-шыт болса? Екі жылға дейін быт-шыт болмайтындай жасатамыз енді. – дейді ШӘРІП АБДРАХМАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ӘКІМІ.

MVI 0033.MP4.Still005 1

Әкім мырза нысанды қабылдау үшін әкімдікте маман жоқ екендігін ашып айтты. Жол сапасын тексеретін мекемеге арыздану үшін қаражаттары жеткіліксіз екен. Осы жұмысқа жауапты мемлекеттік мекеме болса шенділердің басқа көздегені бар дейді.

MVI 0033.MP4.Still008

– Көп жағдайда біз кемшілік анықтағаннан кейін қалпын келтірмей қабылдайтын жағдайлар кездеседі. Біз анықтағаннан кейін жеке лабораторияларға, зертханалар бар солардың берген нәтижелерімен жолдар қабылданып кетеді бірақ. Кейіннен әр түрлі ақаулар шығып жатады. – дейді ЕРБОЛАТ КӨШТАЕВ, ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТЫЛЫҒЫ РМК ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ.

Жол сапасын зерделейтін мамандар тапсырыс беруші шенеуніктер осылайша қаражатты үнемдемей, керісінше нысандарды қабылдау кезінде кемшіліктерді аса іздемейтін жеке компанияларға жүгінгенді абзал көреді дейді. Ал, 10-20 жылдап асфальтқа әрең дегенде қол жеткізген қызылордалықтарға бірінші мердігерлерге, екіншіден жеке сарапшылардың адалдығына сенуден басқа амал қалмай отыр.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x