Қызылордада қар суы еріп, бөгетті шайып кетті

430051684 3751393128522379 882494545450839113 n

Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентінде «Құмсай» бөгетінің тең жартысын су шайып кеткен, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

«Құмсай» су қоймасы Сексеуіл кентінен 2 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі таңда жауын-шашынның және еріген қар суының мол жиналуынан бөгеттің бір бөлігін су шайып, Тербенбес қырқасының жанындағы сайға су ағуда.

430023289 3751393321855693 7904896948342609487 n

Бұдан бөлек, «Бозой-Шымкент» газ құбырына қызмет көрсететін техникалық жолды су шаюы салдарынан Ақеспе елді мекені халқының жол қатынасына қиындық тудыруда. Осы ретте, табиғи құбылыс салдарынан уақытша орын алған жағдай шенеуніктермен ауыл тұрғындарына түсіндірілді.

430086534 3751393061855719 9050752921460069779 n

Осыған байланысты аудан басшысы тиісті мекемелер мен жауапты сала басшыларына мәселені қатаң бақылауда ұстап, дер кезінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x