Есірткі тасымалдаған ұстаз ұсталды

zakladchiki

Ақмола облысының тәртіп сақшылары ірі көлемде синтетикалық есірткіні тасымалдаған 37 жастағы әйелді ұстады. Ол – бастауыш сыныптардың ұстазы болып шықты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Есірткі тасымалымен айналысқан келіншек 10 жыл  Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық мектептерінің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген. Ұстаздықтан кеткен ол нашаға әуестенген екен. Полицейлер оны Степногорск қаласынан кезекті наша жасыру кезінде құрықтады. Тінту барысында экс-мұғалімнің қалтасынан 14 бума тиым салынған зат табылды. Қылмысы әшкерленген ол бір күн бойы қала төңірегінде жасырған есірткілерінің орындарын көрсетті. Ол мекенжайлардан жедел уәкілдер 5 бума есірткі тапқан. Есірткі тасылмалдаушының тұрып жатқан пәтерінен болса 105 есрткі бумасы табылды. Сараптама қорытындысымен бұл 62,5 грамм мефедрон синтетикалық есірткісі екендігі анықталды. Жауап алу кезінде 37 жастағы әйел бұл іспен 2023 жылдан бері айналысып келе жатқандығын айтқан. Есірткі тасымалымен айналысу жайында жарнаманы  әлеуметтік желіден тауыпты. Қазіргі таңда күдікті қамаққа алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x