Есімі түркі әлеміне белгілі Хорасан атаның кесенесі абаттандырылды

MVI 9540.MP4.Still002

Демеуші кесенеге жол салып, жарықпен қамту жұмыстарына 100 миллион теңгеден астам ақша бөлген.  Кәсіпкердің бас мақсаты баба рухына тағзым етіп қана қоймай, тарихи орынға ағылып келетін туристерге қолайлы жағдай жасау, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

MVI 9540.MP4.Still003

Көктем келіп күн жылынғанда жақын маңдағы ауылдардың жас-кәрісі “Хорасан ата” кесенесіне жиналады. Тұрғындар кетпен-күрегін алып келіп, мазардың айналасына қыста жиналған күл-қоқысты тазалайды. Одан бөлек тал егіп, ауладағы орындықтарды сылайды. Мұндай игі іс ауылдықтардың бірнеше жылдан бергі үрдісіне айналған екен.

MVI 9540.MP4.Still009

– Осы күндері төңірек тазаланып, баулардың іші тазаланып жатыр. Олар қырқылып, суарылып, төңіректің бәрі тазалыққа ие болады. Бүгінгі күннің өзінде жақын маңдағы халықтардың Хорасан атаны қадір тұтатын азаматтардың өз еркімен келіп, төңіректі тазалап, зиярат етіп, бір рухани азық алып қайтып жатқандары жақсы үрдіс. – дейді АСЫЛБЕК АЙТЖАНОВ, “ХОРАСАН АТА” ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ.

MVI 9540.MP4.Still007

Кесенеге күрделі жөндеу осыдан 20 жыл бұрын жасалған. Ал биыл тарихи орынды абаттандыру жұмыстарын алматылық кәсіпкер Азамат Молдақасымов өз мойнына алыпты.

MVI 9540.MP4.Still010

– Азамат Балтағұлұлы өз демеушілігімен 100 миллион теңгеден аса қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар жасады. Ол жұмыстарға кесенеге баратын жолды асфальттап, брусчаткілеп, жарықтандыру жұмыстары және ішкі-сыртқы қоршауларды қайта жаңартып, ауланы толық абаттандыру жұмыстарын жүргізген. Осындай ел жанды азаматтардың арқасында мәдени ескерткішіміз толық абаттандырылды. – дейді БЕКТАС НҰРИДИНОВ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ.

MVI 9540.MP4.Still004 

Жаңақорған ауданының орталығынан 50 шақырымдай қашықтағы Хорасан ата бейітіне жылына 10 мыңнан астам адам келеді екен. Келушілердің дені Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің туристері. Айта кетейік, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы бойынша аймақтағы бұдан бөлек те тарихи-мәдени орындарда қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынған.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x