Қызылордада заманауи Қан орталығы ел игілігіне табысталмақ

448055074 762100429444537 5798328783615768198 n

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында сол жағалаудағы жаңа Қан орталығы пайдалануға беріліп, медицина ұйымдарына 50 санитарлық автокөлік табысталады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген «Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қаралды. Ұзақ мерзімді тұжырымдамаға жаңа нысандар салу, ескірген ғимараттарды қайта жаңғырту, заманауи медициналық құрылғылармен жабдықтау мәселелері енгізілген.

Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жетілдіруде қолға алынған, жоспарланған жұмыстарға тоқталды.

«Қазір аймақта тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, сала инфрақұрылымын жетілдіру кешенді жүргізілуде. Өткен жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 15 жаңа дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет пайдалануға берілді. Қалған 11 нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, ел игілігіне табысталады. Жақын күндері ұлттық жоба аясында Шиелі ауданында 30 төсектік инфекциялық бөлімше құрылысы басталады. Барлық елді мекендердегі денсаулық сақтау ұйымдарына 200 санитарлық автокөлік алынуда. Осы кезге дейін облыстық Қан орталығының жеке ғимараты болмаған. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында сол жағалаудағы жаңа Қан орталығын пайдалануға беріп, медицина ұйымдарына 50 санитарлық автокөлік табыстаймыз», – деді аймақ басшысы.

Нұрлыбек Машбекұлы жауапты мекеме басшыларына құрылысы қолға алынған, қайта жаңғыртудан, күрделі жөндеуден өтетін нысандардағы жұмыс сапасы мен мерзімін қатаң бақылауды тапсырды. Нысандар ең алдымен халыққа ыңғайлы, жайлы болуы тиіс. Мұнан бөлек, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына жаңадан пайдалануға берілетін мекемелерді заманауи, қажетті құрылғылармен толық қамтамасыз ету тапсырылды.

Еске салсақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласының Досан ауылында жаңа медициналық бекет, Баймұрат батыр ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппараты іске қосылып, 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды. Жергілікті бюджет есебінен Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсектік ауылдық аурухана құрылысы жүргізілуде. Облыс орталығында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқын алды. Биыл 3 млрд. 800 млн. теңгеге 8 медициналық нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, 5 нысанның жылу жүйесі газға ауыстырылады. Сондай-ақ, өткен жылы облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына 513 млн. теңгеге 25 жаңа санитарлық автокөлік берілді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

12 + 11 =

Өткізіп алмаңыз

«Еселі еңбегімен еленген қайраткер» атты ғылыми-танымдық конференция өтті

«Еселі еңбегімен еленген қайраткер» атты ғылыми-танымдық конференция өтті Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Ғафур Мұхамеджановтың 100 жылдығына арналған «Еселі еңбегімен еленген…

Тұранның алтын жауһарлары

Тұранның алтын жауһарлары Биыл Қызылорда облысының мәдениеті елеулі жаңалықтарға толы болды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.Соның ішіндегі ең ерекше әрі маңыздысы – “Түгіскен көсемі” мен “Жетіасар ақсүйек әйелі” реконструкциялары. Бұл…

Еңбек адамы еліне сыйлы

Еңбек адамы еліне сыйлы Кеңес дәуірінде бейнеті көп жұмысты қиынсынбай, касемсот тізгіндеп еңбекке ерте араласқан Қазына Өзденбаева болмысынан мықты, қажырлы, бесаспап жанның бірі, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.Оның ақындығы бір…

Қариясын сыйлағанға қасиет қонар

Қариясын сыйлағанға қасиет қонар 1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Бұл күн 1991 жылдан бастап дәстүрлі сипатта атап өтіледі, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.Қарт кісіні – құт-береке деп танысақ, ол…

Ауа райы
11°C
Кызылорда
пасмурно
11° _ 11°
93%
6 km/h
Пт
18 °C
Сб
16 °C
Вс
14 °C
Пн
7 °C
Вт
7 °C

Әлеуметтік желілер

Қызылордада заманауи Қан орталығы ел игілігіне табысталмақ