Ветеринария саласында заңды бұзған 100-ден астам лауазымды тұлғалар жазаланды

631adfb4c5a9309dae665edab3091fe7 scaled

Табиғатты қорғау прокурорлары ветеринария туралы заңнаманы сақтау саласындағы уәкілетті органдардың қызметінде өрескел бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жетісу облысында ветеринария қызметкерлері жануарларды вакцинациялау кезінде 33 мың заң бұзушылыққа, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершіліктен босатудың 526 фактісіне жол берген. Өңірде «Сібір жарасы» ошақтарының иесіз 33жерленген жері анықталды, онда оларды оқшаулау және сәйкестендіру шаралары жүргізілмеген.

Ветеринариялық мекемелерде қызметкерлердің жалған диплом пайдаланғаны туралы 4 фактісі анықталды, тағы 124 қызметкер білімі мен тәжірибесі бойынша атқаратын қызметтеріне сәйкес келмеген.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша 100-ден астам лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде  аумақтың 3 инспекция басшысы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық үшін жауапқа тартылды. Мемлекет кірісіне 3 млн теңгеден астам қаржы өтелді. – деп хабарлайды ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x