Қасым-Жомарт Тоқаев: Қызылорда мен Түркістан облыстарындағы жағдай мүшкіл

3de24716 6c73 4f52 9b49 de093a3ee425

Осы екі аймақтағы құрғақшылық қауіпі аса жоғары дейді президент. Сөйте тұра, тиісті жұмыстар атқарылмай жатыр, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

photo 5339366492300498444 y

Бүгін кеңейтілген Үкімет отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан мен Қызылорда облыстарындағы су тапшылығына тоқталды. Оның айтуынша тіршілік нәрін көп қажет ететін дақыл өсіруді азайту керек.

photo 5339366492300498462 y

-Суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту керек, су үнемдейтін технологияны енгізу қажет. Ахуалды жақсарту үшін батыл әрекет жасау керек. Ең алдымен, су үнемдеу технологиясын кең ауқымда енгізген жөн. Шыны керек, біз суды тым орынсыз жұмсаймыз. «Судың да сұрауы бар». Бүкіл ел болып  суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Көрші мемлекеттердің тәжірибесін зерттеп, тиімді тұстарын алу қажет. Елді сумен қамтамасыз ету – аса маңызды міндет, ұлттық қауіпсіздік мәселесі деуге болады. Өнеркәсіпте, агросекторда, коммуналдық шаруашылықта, жалпы, барлық салада суды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше мән беру қажет, – деді МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x