Қожа Ахмет Яссауи кесенесі «Әлемдіктоп-100 мистикалық орындар» қатарына енді

E36goXDXEAMQNNe

Испанияның ең танымал газеттерінің бірі саналатын «El País» газетінде американдық фотограф Мартин Грейдің әлемдік мистикалық жерлерді іздеудегі 40 жылдық саяхатына негізделген «Secret Sacred Sites» кітабы туралы мақала жарық көрді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Оның таңғажайып 100 жерді сипаттайтын жаңа кітабы саяхатшылар мен жұмбақ іздеушілер үшін шабыт көзі болып отыр. М.Грэй ұсынған орындардың ішінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ерекше орын алады. 2008 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне Қазақстаннан бірінші болып енген бұл кесене киелі өнер мен руханияттың символы деп бағалануда.

1389 жылы Темірлан салдырған кесене 12 ғасырдағы бұрынғы кесененің орнын толтыруға арналған аяқталмаған ғимарат. Бұл орын Орталық Азияның түкпір-түкпірінен келетін діндарлар үшін әйгілі түркі ақыны және сопы мистигінің мұрасын зерттеу үшін зиярат орталығына айналған. Менің кітабым нұсқаулық емес, керісінше киелі жерлерді іздейтіндерге шабыт көзі деп бағалаймын. Саяхатшыларға алдымен елді таңдап, сосын кітаптан зиярат ететін киелі жерлерді іздеуге кеңес беремін». – дейді фотограф Мартин Грэй.

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x