Облыс әкімі қаладағы нысандарды аралады

417439659 699216759066238 8282631563335285595 n

Сенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы нысандарды аралады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық Агенттігі.

Алдымен аймақ басшысы таяуда пайдалануға берілетін Өнер орталығына барды. Еске салсақ, 2022 жылдың қыркүйек айында Қызылордада 1000 келушіге арналған Өнер орталығының іргетасы қаланды. Құны 3,7 млрд. теңгені құрайтын екі қабатты ғимаратта симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар, түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өткізіледі.

417528913 699216655732915 2892724056763293512 n

Аймақ басшысы жаңа ғимаратты аралап, дайындық жұмыстарын тиянақты жүргізуді тапсырды.

418159412 699216792399568 8025357275004432418 n

Айта кетейік, өткен жылы көрермендерге концерттерді кәсіби әрі жанды дауыста ұсыну үшін симфония оркестрі құрылды. Ұжымның салтанатты тұсаукесер рәсімі жаңа орталықта өтеді.

417539036 699216812399566 5736459796122685015 n

Ғимарат заманауи сәулет үлгісімен салынған, жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мың адамға арналған мәжіліс залы, үйірме бөлмелері жұмыс істейді. Әсем ғимарат қаладағы көрікті нысандардың біріне айналып үлгерді. Алдағы уақытта жұртшылық жиі бас қосатын руханият ордасына, жас жеткіншектер бос уақытын тиімді өткізетін орынға айналады.

Әрі қарай Нұрлыбек Машбекұлы «Арай-Sunrise» балалар демалыс лагерінің жұмысымен танысты. Демалыс орны 1997 жылы құрылған. Мұнда жаз мезгілінде мыңға жуық жасөспірім демалады. Балалар демалыс уақытын тиімді өткізуі үшін 20 шақты үйірме, спорттық және танымдық іс-шаралар, түрлі қызықтарға толы күн тәртібі бекітілген. Облыс әкімі мамандармен бірге нысанның дайындығын пысықтады.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x