Жас спортшылардың тамағын жырған кімдер?

44a526823430b32249c11e84e1ae1cbb

Қызылорда қаласындағы «Жалаңтөс Баһадүр» атындағы спорт-мектебінде ыстық тамақ берілмей отыр. Олимпиадалық резервті дайындайтын интернаттың жұмысын зерделеген «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігі біршама кемшіліктерді анықтады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бұл мектеп-интернатта 258 тәрбиеленуші бар. Қаңтар айы бітуге жақындағанымен жас спортшылар әлі күнге дейін азық-түлікпен қамтылмаған дейді «Әділдік жолы» Респубилкалық қоғамдық бірестіктің жетекшілігі. Айтуларныша болашақ чемпиондарға ыстық тамақ 5 мезгіл берілу керек екен.

S3390105.MP4.Still002

Жыл басынан балаларды аспен қамтамасыз етуі тиіс мекеме басшысы сатып алуларды тек 09.01.2024 жылдан бастап жариялап, 16 қаңтарда анықталған.  Жеңімпазбен әлі күнге дейін шартқа қол қоймаған. Қызығы 15 күннің тамағының қаржысы кімнің қалтасында қалады екен?! – дейді ЛӘЗЗАТ БАҚТЫБАЕВА, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Бұл бала құқығының бұзылуының жалғыз көрінісі емес дейді қоғамдық бірлестіктің жетекшісі. Айтуларынша тамақ сапасы, ғимарат жағдайы және қауіпсіздікте ақсап тұр. Өткен жылдыңқыркүйек айында  23/69 келісім шарты негізінде турникет стандарттарға сай орнатылмаған.

422890221 7356465694413184 6356597779448772148 n

Бейнебақылау жүйесі мен турникет орнатудың жалпы соммасы 4 243 680 теңгені құрайды.  Келісім шарт талаптарының орындалғанын растап жауаптылар 30.10.2023 жылы қабылдау актісіне қол қойып қабылдаған.Қаржысы да толық төленген екен. Осы жерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс қондырғы неге өз деңгейінде жасалмаған деген сұрақ туады.

Бөлісу:

1 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x