Қызылордада заманауи Қан орталығы ел игілігіне табысталмақ

448055074 762100429444537 5798328783615768198 n

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында сол жағалаудағы жаңа Қан орталығы пайдалануға беріліп, медицина ұйымдарына 50 санитарлық автокөлік табысталады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген «Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қаралды. Ұзақ мерзімді тұжырымдамаға жаңа нысандар салу, ескірген ғимараттарды қайта жаңғырту, заманауи медициналық құрылғылармен жабдықтау мәселелері енгізілген.

Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жетілдіруде қолға алынған, жоспарланған жұмыстарға тоқталды.

«Қазір аймақта тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, сала инфрақұрылымын жетілдіру кешенді жүргізілуде. Өткен жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 15 жаңа дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет пайдалануға берілді. Қалған 11 нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, ел игілігіне табысталады. Жақын күндері ұлттық жоба аясында Шиелі ауданында 30 төсектік инфекциялық бөлімше құрылысы басталады. Барлық елді мекендердегі денсаулық сақтау ұйымдарына 200 санитарлық автокөлік алынуда. Осы кезге дейін облыстық Қан орталығының жеке ғимараты болмаған. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында сол жағалаудағы жаңа Қан орталығын пайдалануға беріп, медицина ұйымдарына 50 санитарлық автокөлік табыстаймыз», – деді аймақ басшысы.

Нұрлыбек Машбекұлы жауапты мекеме басшыларына құрылысы қолға алынған, қайта жаңғыртудан, күрделі жөндеуден өтетін нысандардағы жұмыс сапасы мен мерзімін қатаң бақылауды тапсырды. Нысандар ең алдымен халыққа ыңғайлы, жайлы болуы тиіс. Мұнан бөлек, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына жаңадан пайдалануға берілетін мекемелерді заманауи, қажетті құрылғылармен толық қамтамасыз ету тапсырылды.

Еске салсақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласының Досан ауылында жаңа медициналық бекет, Баймұрат батыр ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппараты іске қосылып, 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды. Жергілікті бюджет есебінен Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсектік ауылдық аурухана құрылысы жүргізілуде. Облыс орталығында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқын алды. Биыл 3 млрд. 800 млн. теңгеге 8 медициналық нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, 5 нысанның жылу жүйесі газға ауыстырылады. Сондай-ақ, өткен жылы облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына 513 млн. теңгеге 25 жаңа санитарлық автокөлік берілді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

7 − пять =

Өткізіп алмаңыз

CЫР ӨҢІРІНДЕ «ТАҒЗЫМ ОРНЫ ТАЗА БОЛСЫН,РУХ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – ЕГІЗ ҰҒЫМ» АТТЫЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Қызылорда облысында Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – бір…

Azattyq-news Azattyq-news

Қызылорда полициясы күшейтілген режимге көшті

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы алаңында гарнизондық жиын ұйымдастырылды. Маңызды іс-шараға департаменттің жеке құрамы қатысып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған алдағы міндеттер пысықталды. Жиынды Қызылорда облысы Полиция…

Azattyq-news Azattyq-news

ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ БЕСТАМ АУЫЛЫНДА 150 ОРЫНДЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Шиелі ауданының Бестам ауылында 150 орындық клубтың ашылу рәсімі өтті. Оған жауапты құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.Аймақ…

Azattyq-news Azattyq-news

МАЙТАЛМАН МАМАНДАР МАРАПАТ МІНБЕРІНДЕ

Бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Еңбек мерейі – ел құрметі» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Түрлі сала қызметкерлерін марапаттау салтанатына арналған шараға қала әкімі Нұржан Ахатов, қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев…

Azattyq-news Azattyq-news
Ауа райы
13°C
Кызылорда
ясно
13° _ 13°
50%
4 km/h
Вс
13 °C
Пн
22 °C
Вт
28 °C
Ср
25 °C
Чт
20 °C

Әлеуметтік желілер

Қызылордада заманауи Қан орталығы ел игілігіне табысталмақ