Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен өңір аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Іс-шаралардың басты мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіне бірінші кезекте жауапты екенін кеңінен түсіндіру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақыру.
Балалар – еліміздің жарқын болашағы. Олардың бойында адамгершілік, тәртіп пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру ең алдымен отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен саналы азамат болып қалыптасуына ата-аналардың қосар үлесі айрықша.
Профилактикалық жұмыстар барысында азаматтар көп жиналатын орындар, ойын-сауық мекемелері, дәмханалар мен түнгі клубтар қамтылды. Облыс прокурорлары тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.
Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру
Пікір қалдыру
