«Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері ескертеді:Интернет алаяқтарына алданбаңыз!»

Azattyq-news
1 Min Read

Интернет алаяқтық-бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында Тасбөгет кентінің тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері азаматтарға интернет алаяқтарының жиі қолданатын айла-тәсілдері туралы жан-жақты түсіндіріп, жеке деректерді, банк картасының мәліметтерін және SMS арқылы келетін бір реттік растау кодтарын ешбір адамға бермеу керектігін ескертті.
Сонымен қатар, тұрғындарға алаяқтықтан сақтану жолдары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылып, күмәнді қоңырауларға, сілтемелер мен хабарламаларға сенбеу, сондай-ақ белгісіз тұлғалардың өтініші бойынша қаржылық операциялар жасамау жөнінде маңызды кеңестер берілді.
Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындарды қырағылық танытып, өздерінің жеке және қаржылық мәліметтерінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Сақ болыңыз! Интернет алаяқтарының арбауына түспеңіз!

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру