ТАЛАП ПЕН ТӘРТІП – ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ӘРКІМ ЖАУАПТЫ

Azattyq-news
1 Min Read


Қала аумағында санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру қағидаларының орындалуын қамтамасыз ету және қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында арнайы құрылған жұмысшы топ тарапынан тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Кезекті рейд барысында кәсіпкерлер мен тұрғындарға абаттандыру талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндіріліп, белгіленбеген орындарға қоқыс тастаудың заң талаптарына қайшы екені ескертілді. Сондай-ақ, тұрғындарға құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға шығару керектігі жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Алайда, заң талаптарын елемей, берілген ескертулерге құлақ аспаған бірқатар азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылып, айыппұл салынды.
Айта кету керек, қала аумағында:
құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды рұқсат етілмеген орындарға төгу;
құрылыс материалдарын көше бойына немесе қоғамдық орындарға орналастыру;
абаттандыру қағидаларын бұзу;
санитарлық тазалық талаптарын сақтамау фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру