ТҮҢГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Azattyq-news
2 Min Read

Аудан аумағындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Рейд барысында көңіл көтеру және сауықтыру орындарында масаң күйде жасалатын қылмыстардың, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдалану фактілерінің алдын алу және оларды анықтау бойынша түсіндіру және бақылау жұмыстары жүргізілді.

Түнгі уақытта орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу – құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі. Әсіресе жастар көп шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, тұрғындардың қауіпсіздігін күшейту және зиянды әдеттердің алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Рейд жұмыстарына «Сырдария жастары» еріктілер штабының жетекшісі, «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы мен белсенді еріктілер қатысып, жастар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Олар азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға, заң талаптарын сақтауға және қоғамдық орындардағы тәртіпті бұзбауға шақырды.

Сонымен қатар, рейд барысында көңіл көтеру орындарына келушілерге есірткі құралдарының адам денсаулығына тигізетін зияны, алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудың салдары және құқық бұзушылықтар үшін көзделген заң талаптары жөнінде ақпараттар берілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралардың басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар арасында зиянды әдеттердің таралуына жол бермеу және қоғамдық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Осыған орай аудан тұрғындарын заң талаптарын сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға белсенді атсалысуға шақырамыз.

Түнгі рейд жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру