2026 жылғы 14 мамыр күні аудан прокуратурасының бастамасымен пробация есебінде тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға аудандық пробация қызметі, аудандық полиция бөлімі, Жастар ресурстық орталығы және аудандық жұмыспен қамту бөлімінің өкілдері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – пробациялық бақылаудағы тұлғалардың қоғамдық тәртіпті сақтауын қадағалау, олардың белгіленген міндеттері мен шектеулерді орындауын тексеру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ пробация талаптарының толық әрі тиісінше орындалуын қамтамасыз ету.
Рейд барысында пробация есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары араланып, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына жан-жақты талдау жүргізілді. Әрбір азаматтың жағдайы назарға алынып, қоғамға бейімделуі, тұрақты жұмыспен қамтылуы және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау жөнінде құқықтық кеңестер берілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар пробация есебіндегі тұлғаларды қолдау, олардың өмірге деген көзқарасын оң өзгерту және қоғамға толыққанды бейімделуіне ықпал ету мақсатында алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
