Қызылордада әлем чемпионы шыққан спорт залдың жағдайы жұрттың жағасын ұстатты

WhatsApp Image 2023 01 24 at 14.45.54 1.jpeg.Still007

Жалағаш ауданы Жүргенов ауылында жас спортшылар адам шошырлық жағдайдағы залда жаттығып жүр. Кикбокс, қазақша күреспен айналысатын жасөспірімдер қатты суықтарда терезесінен жел улеген аядай ғана бөлмелерде спортпен шұғылдануға мәжбүр. Тіпті спорт залда балалардың киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелері де қарастырылмаған, деп хабарлайды”Azattyq-News” Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2023 01 24 at 14.45.54 1.jpeg.Still003

Жүргенов ауылындағы жаттығу залы ескі ғимараттың екі бөлмесінде орналасқан. Мұнда  57 бала күнделікті кикбокс және қазақша күреспен шұғылданады. Бірақ қуықтай ғана қос зал мүлде талапқа сай келмейді. Бірақ болашақта елдің көк туын көкке көтеретін чемпиондар бірнеше жылдан бері қолда барын барынша ұстап бағуға мәжбүр. Мұндағы балаларды болашақ чемпиондар деуге де негіз бар. Өйткені жақында ғана жасөспірімдер арасындағы қазақша күрестен әлемді бағындырған Теміржан Руслан кешеге дейін дәл осы Жүргенов ауылындағы залда жаттыққан.

WhatsApp Image 2023 01 24 at 14.45.54 1.jpeg.Still002

-Қыста салқын. Дұрыс жасай алмайсың. Іші мұздай болады. Тар. Жуынатын жер жоқ. Үлкен зал болса екен дейміз. -дейді ТЕМІРЖАН РУСЛАН, ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚША КҮРЕСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

WhatsApp Image 2023 01 24 at 14.45.54 1.jpeg.Still005

Жуынатын жерді айтпағанда, мұнда тіпті киім ауыстыратын бөлмелер де қарастырылмаған. Сондықтан үйірмеге келген ұл да, қыз да барлығы бір бөлмеде киініп-шешінеді. Ал қолдап жағатын пеш түтіндеп тұрады. Тіпті жауынды күндері төбеден су ағатын көрінеді. Ауыл тұрғындары осындай жағдайда жаттығу жасап жүрген балаларымызға жаңа зал керек дейді.

WhatsApp Image 2023 01 24 at 14.45.54 1.jpeg.Still001

-Ғимарат ескі ғой. Енді ауылға жағдай жасалса. Барлық спортсмендер ауылдан шығып жатыр ғой. Білесіздер мына жердегі Теміржанның да жеңімпаз болғанын. Шешінетін жер жоқ қой. Қайда нетеді? Ауылда ондай жағдай жасалмаған ғой.

WhatsApp Image 2023 01 24 at 14.45.54 1.jpeg.Still004

Бұл үйірме спорт және мәдениет бөліміне қарасты болғанымен,  зал орналасқан ғимарат ауыл әкімдігінің меншігінде екен. Жауаптылар спорт залдарды өз меншігімізге алсақ, бюджеттен қаражат қарастырамыз деп отыр.

WhatsApp Image 2023 01 24 at 14.45.54 1.jpeg.Still006

-Өзіміздің балансымызға өткізсе, өзіміз әрі қарай қаржыландыруы бар, басқа бар жұмыстарды өзіміз жасаймыз. Мемлекет тарапынан көмек  болады. – ДЕЙДІ АЯН АСЫЛБЕКОВ, СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Айта кетсек, елімізде жылына бұқаралық спортты дамыту үшін бюджеттен есепсіз ақша жұмсалады. Десе де, аядай ғана ауылда 15 жылдан бері жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына жасалған жағдай осындай екен.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x