Қызылорда облысында "ақыл-есінде ауытқуы бар" жетім жігітті әскерге күштеп әкеткен

S3370001.MP4.Still001

Қазалы ауданына қарасты Басықара ауылында тұратын 25 жастағы Тұрар Матығұлдың ауыл әкімі мен әкімдік қызметкерінің қорғаныс істер жөніндегі бөлімге үйінен сүйреп алып кеткенін айтқан видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

“Әкімдіктегілер қастарына бір баланы алып алған. Мені қашып кетуі мүмкін деп, полицейлер ұқсап қолыма кісен салды. Сосын мені ит құсатып сүйреп ерітіп жүрді”, – дейді желіде тараған видеода ТҰРАР МАТҰҒҰЛ.

Дәл осы видео алақандай ауыл жұртының ашуын тудырды. Өйткені 25 жастағы жігіттің бала кезден ақыл-есінде ауытқуы бар дейді ауылдықтар. Тұрардың ақыл-ойының кемтарлығын онымен бірнеше жыл көрші тұрған тұрғындар да растап отыр. Ең сорақысы, ата-анасынан ерте айырылған жас жігіт ауыл шетіндегі баспанада жападан жалғыз күн кешкен.

S3370001.MP4.Still002

” Бұл бала науқас. Бұрыннан білемін ғой. Ата-анасы да жоқ. Қорасындағы 5-6 бас ірі қарасын өзі бағып күнелтетін. Одан қалды әкімдікте от жағушы болып жүрген. Іздеушісі жоқтай оны сүйреп алып кетіпті. Науқас баланы қалай әскерге алған? Бүкіл ауыл наразымыз.”, – дейді Тұрардың көршісі ЖӘМИ ЖҮСІПОВ.

Бірақ Басықараның әкімі Мұратбек Бекманбетов Тұрардың шағымымен келіспейді. Ол тек жас жігітке әскери комиссариаттан шақырту келгенін ғана ескерткен едім дейді. Бірақ ер жігіттің ақыл-есінде ауытқуы бар екенін өзі де растап отыр.

S3370001.MP4.Still003

“Өзінің де ауытқуы бар енді. Қызбалығы, жүйке жүйейсінің ауытқуы. Соны біле тұра, әскери комиссариатқа медициналық тексеруден өте алмайтын шығар деген оймен жіберген болатынбыз. Бірақ сол күні кешкісін комиссиядан өткен бойы Қызылорда қаласына алып кетіпті” , – дейді МҰРАТБЕК БЕКМАНБЕТОВ, БАСЫҚАРА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ.

Осылайша Тұрар Матығұлды 5 күн бұрын үйінен алып кетіп, ақыр соңы Қызылорда қаласындағы 55/47 әскери бөлімшесіне Отан алдындағы борышын өтеуге жіберген.

S3370001.MP4.Still004

Бұл жағдайға байланысты әзірге аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім жауап бермеді.

Бір қызығы, Басықара ауылында биыл 20-дан аса жігіт әскер қатарына шақырылған. Алайда тек бір ғана тұрғын Отан алдындағы борышын өтеуге жөнелтіліпті. Ол – Тұрар Матығұл.

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Света
Света
1 year ago

😄😄😄

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x