Сыр өңірінде «Дала күні» семинар-кеңесі өтті
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Сырдария ауданындағы «Мағжан және К» ЖШС-нің егіс алқабында «Дала күні» семинар-кеңесі өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
«Дала күніне» ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев арнайы келіп қатысты.
Семинар-кеңесте ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер, шаруа қожалығы иелерінің ұсыныс-пікірлері талқыланды.
«Ауыл шаруашылығы – облыс экономикасының негізгі саласының бірі. Күріш – аймақтың табиғи ерекшелігіне, ауа-райы мен топырақ құрамына бейімделген негізгі дақыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін алдағы 5 жылда екі есе арттыру жөнінде тапсырма берді. Биыл Үкімет мақұлдаған егілетін егіс көлемі – 187 мың гектар. Жыл басында Су ресурстары және ирригация министрлігі күріш көлемін едәуір азайту жөнінде ұсыныс берді. Мұның алдында 2022 жылы 64 мың гектарға дейін қысқарту жөнінде шешім қабылданған. Диқандардың жағдайын ескеріп, Мемлекет басшысына тиісті ұсыныстармен шыққан болатынбыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы мен Үкіметтің қолдауының арқасында аймақта су тапшылығының алдын алу шаралары қабылданды. Қиындықтарға қарамастан күріш көлемін 78 мың 600 гектар етіп сақтап қалуға мүмкіндік жасалды», – деді аймақ басшысы.
Нұрлыбек Машбекұлы биыл егісті сумен қамтамасыз ету күрделі жағдайда өтуі болжанғанын атап өтіп, күрішті белгіленген көлемнен асырмай егу керектігін ескертті.
Қаралған саны: 64
Бөлісу:
0
0
votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments