Дәріханада наркотикалық әсері бар дәрілік зат рецептсіз сатылған

1675169467 top fon com p apteka fon dlya prezentatsii 92

 Маңғыстауда тиісті лицензиясы жоқ дәріханада мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттар сатылып келген, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Сондай-ақ бұл дәріханада «Тропикамид» дәрілік заты сатып алушыларға дәрігерлердің нұсқауынсыз беріліп келген. Тропикамид – адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ететін, есірткіні қолданудың әсерін күшейтетін, нашақорларға негізгі заттың дозасын үнемдеуге немесе күшті эйфориялық реакция алуға мүмкіндік беретін препарат. Дәріхананың қызметіне тексеріс жүргізген прокурорлар қоймадан бұл дәрінің 45 мың қаптамасын тәркілеген.

– Тексеріс нәтижесімен дәріхананың иесі ӘҚБтК-нің 464бабының 1-бөлігі (лицензиялау нормаларын бұзу) және  426-бабының 1, 3бөліктерімен (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Бұл ретте сот шешімімен кәсіпкердің қызметі 3 айға тоқтатылды. – деп хабарлайды ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x