Батыржан Шалғынбаев атындағы халықаралық турнир қорытындыланды

419244878 699944912326756 4160521332107624303 n

Жексенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан халықаралық турнирді қорытындылау іс-шарасына қатысып, жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлады «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

 Биыл аталған турнир 28-ші мәрте ұйымдастырылуда. Аймақ басшысы қатысушыларға алғыс білдіріп, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтады.

417680550 699944928993421 663916295981741903 n

Жарысқа Өзбекстан Республикасы мен еліміздің бірқатар өңірінен 32 команда қатысты. Турнир нәтижесімен 4 жүлделі орын алған команда мен “Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Шабуылшы», «Мерген ойыншы», «Үздік ойыншы», «Үздік төреші» номинация иелері марапатталды.

Айта кетейік, облыс бойынша 55 973 адам футболмен айналысса, оның ішінде футзалмен 5 650 адам шұғылданады. Жыл сайын жасөспірімдердің футболға деген қызығушылығы артып келеді. Сонымен қатар, әуесқойлар футбол лигасы бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың дамуына үлесін қосуда.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x