Балалардың болашығына балта шабылмаса екен

Screenshot 10

Қызылорда облысында спорт мектебі сынға ұшырады! Қармақшы ауданына қарасты Төретам кентінде 120 орындық спорт мектебінің жағдайы көңіл көншітпейді. Тозығы жеткен ғимаратта балалар спорт үйірмелеріне барып отырғанына ата-аналар алаңдаулы екен.

Screenshot 3

Төретам кентіндегі Жаңқожа батыр көшесінде орналасқан, арғы мен бергі беттің орталығы есептелетін спорт мектебіміздің ахуалы жүрек жылатарлық деді Төретамдықтар. Бұл нысан бұрынғы N° 80 мектеп-гимназиясының ғимараты болған көрінеді. 2014 жылдан бастап №16 Қармақшы ауданының балалармен-жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне берілген. Қазіргі таңда спорт мектеебінде самбо күресі, бокс үйірмелерінде жүзге жуық бала қамтылган.

Screenshot 4

– Өскелең ұрпақтың барары мен басары осы мектеп екенін ескере отырып, ата-ана ретінде назарға алып, мән бересіз деген ниетте жазуға тура келіп отыр. Қазіргі таңда 120 оқушы баратын мектептің жағдайы осы. Бұл мектепті жабу, қызмет атқаратын жаттықтырушыларды жұмысқа орналастыру  қиын емес. Ал, өскелең ұрпақтың жағдайы қалай болар екен. Арғы беттен бергі бетке қатынаудың  қиынын қалай жеткізсек екен?!  Жалпы ахуал мәз емес. Спортқа құмар оқушылардың еңсесі түспей, өз жаттықтырушылымен бірге ары қарай да биік шыңдарды бағындырса екен деген тілегімізді  өңір басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлына жеткізгіміз келеді. Бұл жағдайдан аудан әкіміміз Адилбек Бөрібайұлы хабары болып, ата-аналардан бұрын хабардар етті ма екен? Жалпы осы жағдайдан хабарларыңыз бар ма? -дейді БИБІГҮЛ ЖҰМАҒҰЛОВА, ТӨРЕТАМ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ.

Қармақшы аудандық спорт бөлімі бұл мәселеден хабардармыз дейді. Өтінім жазғанымен әзірге қаржы мәселесі шешімін таппай тұр екен.

Қазіргі таңда спорт мектебінің бөлімшесінде самбо күресі, бокс үйірмелерінде 78 бала қамтылган. 2016 жылы аудандық бюджеттен 101,0 млн теңгеге кұрылыс жұмыстары үшін жоба әзірленген, дегенмен қажетті қаржылары үшін тиісті ұсыныстар жасалғанымен шешімін таппады. – дейді ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ СПОРТ БӨЛІМІ ФБ ПАРАҚШАСЫНДА.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Галым Ержанов
Галым Ержанов
1 year ago

Саламатсыз ба?!
Пікіріңізге рақмет.
Бұл нысан бұрынғы №80 мектеп гимназиясының ғимараты болған, 2014 жылдан бастап №16 Қармақшы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне берілді.
Ол уақыттан бастап ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жасауға әрекеттер болғанымен өз шешімін таппады.
Қазіргі таңда Ақай ауылында жаңадан Дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, Алдағы уақытта жаңадан шағын спорт ғимаратының құрылысы Төретам кентінде де салынатынына сенемін және әр нәрсе өз уақытымен өз шешімін табады деп ойлаймын.

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x