БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА.

Azattyq-news
1 Min Read

Қызылорда облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған көрнекі профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Оның барысында 500-ден астам жасөспірімге жолды қауіпсіз өту тәртібі және қоғамдық көліктен түсу жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастыру мәселелеріне арналған бейнероликтер көрсетілді және өрт қауіпсіздігі, жаз мезгілінде су айдындарында шомылу қағидаларын сақтау, құқыққа қайшы мінез-құлыққа жол бермеу тақырыптарындағы ақпараттық жадынамалар таратылды.

69a43def 41ce 4fdb b761 3fa794f33e5e

Шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтық мәдениетін арттыру, жол қозғалысы ережелерін түсіндіру және кәмелетке толмағандардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады.

Аталған іс-шара облыс прокуратурасының «Adal Bala» және «Саналы ұрпақ» жобалары аясында жүзеге асырылып жатқан жүйелі профилактикалық жұмысының бір көрінісі болды.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру