Жылыжай жұмысын жандандырған

447663759 2020935371635298 2132481400246800295 n

Жалағаш ауданы, Мөрәлі Шәменов ауылындағы Пұсырмановтар әулеті өз қаражатынан жылыжай салып, жолға қойған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жылыжай – табыс көзі. Көкөністің күтімі күпті, бабы мықты болып өсуіне жылыжайдың атқарар рөлі орасан. Дастарханымызға дайын күйі келетін көкөністердің қандай күтіммен өсетініне көп көңіл аудара бермейміз. Дей тұрғанмен еселі еңбектің арқасында жемісті жұмыс болатынын ескеру керек. Жалағаш ауданы, Мөрәлі Шәменов ауылындағы Пұсырмановтар әулеті жылыжай жұмысын жолға қойған. Өз қаражаты есебінен жылыжай салып, сол жерден несібесін алуда. Жылыжайда қызанақ пен қиярдың 2 түрі бар. Бүгінде бағбан өнімдерін дүкен сөрелеріне шығарып, тұрғындар үшін қолайлы бағада сатуда. Кішкентай ауылда көптің алғысын арқалап жүрген бағбан алдағы уақытта жылыжайдағы өнімдердің қатарын құлпынай жемісімен толықтырмақ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар