Жол апатынан бір отбасының төрт мүшесі қайтыс болды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Алматы облысы полициясының мәліметінше, Toyota Hiace автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, салдарынан машина аударылып кеткен.
“Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деді ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.