Жасыл аймақ: көркейту-көгалдандыру апталығы басталды

f6abde02 f770 43a4 99fe 5b5d8c00302c

«Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Арал ауданында ағаш көшеттері мен гүл отырғызу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Аталған жұмыстарға мекеме қызметкерлері мен ерікті жастар атсалысты.

  • Биылғы маусымда Арал қаласында 3000 түп ағаш отырғызу жоспарлануда. Өтке аптадан бастап жұмыстар басталып кетті. Жергілікті жерге төзімді көшеттер таңдап алынды. Аяқ су мәселесі қиындық тудырмас үшін тамшылатып суару әдісін қолданып жатырмыз. Бұдан бөлек орталық көшелерге, демалыс орындарына, саябақтарға гүлдер отырғызылуда. Бүгінгі акцияда қаламызға 70 түп ағаш, 100 түп гүл көшеттері отырғызылды, деді АРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Б.ҰЗАҚОВ.

Атап өтейік, бүгіннен бастап «Таза Қазақстан» экологиялық науқанының «Жасыл аймақ» апталығы бастау алды. Науқан аясында тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Бөлісу:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар