«ЖАС САҚШЫ» ОҚУШЫЛАРЫ ҚОРҚЫТ АТА МЕМОРИАЛДЫ КЕШЕНІНЕ ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

Azattyq-news
2 Min Read
Screenshot

Тарихын таныған жас – елінің болашағын бағалай біледі. Қармақшы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың бойында отансүйгіштік пен елжандылық қасиеттерді қалыптастыру, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына тағылымды экскурсия ұйымдастырды.

Танымдық шара барысында оқушылар әлемге әйгілі Қорқыт ата мемориалды кешеніне барып, Сыр елінің ғана емес, бүкіл түркі әлемінің рухани тарихында айрықша орны бар Қорқыт атаның өмірі мен мұрасы туралы кеңінен мағлұмат алды.

Экскурсия кезінде жас сақшылар мемориалды кешеннің тарихымен танысып, Қорқыт атаның түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, қобызшы, күйші әрі рухани тұлға ретіндегі орны туралы тың деректермен танысты. Қорқыт бабадан қалған рухани мұраның ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына ерекше тоқталды.

Оқушылар кешен аумағын аралап, тарихи орынның ерекшеліктерін тамашалап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Мұндай сапарлар жасөспірімдердің туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне, ел тарихын тереңірек білуіне мүмкіндік береді.

Шара барысында полиция қызметкерлері оқушылармен профилактикалық бағытта әңгіме жүргізіп, «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызын түсіндірді. Жасөспірімдерге құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, полицейлер жас сақшыларды кез келген жағдайда заң талаптарын сақтауға, үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға, қоғамдық ортада өзін мәдениетті ұстауға және жауапкершілікті сезіне білуге шақырды.

«Жас сақшы» сыныбы – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, полиция қызметінің қыр-сырымен таныстыруға және оқушылардың бойында тәртіп пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Осындай тағылымды кездесулер мен танымдық экскурсиялар жасөспірімдердің дүниетанымын кеңейтіп, туған өлкенің тарихын тануына жол ашады. Тарихын білген, ұлттық құндылығын қадірлеген және заңды құрметтеген ұрпақ – елдің жарқын болашағы.

Полиция қызметкерлері алдағы уақытта да «Жас сақшы» сыныбының оқушыларымен бірлескен танымдық, тәрбиелік және профилактикалық іс-шараларды жалғастыра бермек.

#ЖАС_САҚШЫ
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ҚАРМАҚШЫ_АУДАНЫ
#ПОЛИЦИЯ
#ҚОРҚЫТ_АТА
#ТӘРТІП_ЖӘНЕ_ЖАУАПКЕРШІЛІК

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру