463746087 961260629372907 4009907100248276272 nplaceholder

«Жайлы мектеп» жұмысымен танысты

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бастау алған болатын, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бұл бастама Сыр өңірінде де жалғасын тауып, 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарлануда. Осыған сәйкес, биыл 10 мектеп, 2025 жылы 11 білім нысаны ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

Сол жағалаудағы жаңа мектеп жұмысымен танысқан халық қалаулылары білім ошағының ауқымдылығына, көп функционалдығына және жайлылығына оң бағасын берді.

Мектеп ішінде 3 спорт зал, 240 балаға арналған асхана және түрлі бағыттағы сыныптар жұмыс жасауда. Әр сынып интерактивті тақтамен жабдықталған. Құрылыс барысында қолданылған материалдардың басым бөлігі жергілікті өндірушілердікі.

Білім саласының өркендеуі үшін аймақ басшысының қолдауымен өңірімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның негізінде, биыл білім саласына бөлінген қаржы 262 млрд 100 млн теңгеге жетіп, облыс бюджетінің 35,2 пайызын құрады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × 5 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар