1552556479 article bplaceholder

Жаңа тұрғын үй ел игілігіне табысталды

Қызылорда қарқынды құрылыс алаңына айналды. Қызылорданың сол жағалауындағы №2 шағын ауданға салынған 470 пәтерлік 10 көпқабатты тұрғын үйді салтанатты табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Шараға облыстың өркендеуінде өлшеусіз үлес қосқан жандар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Қоныс иелеріне кілт табыстау рәсімінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев ізгі тілегін айтып, тұрғын үй иелерін құттықтады. Шарада облыс әкімі құрылысқа жауапты болған мердігер мекеменің қызметкерлерін марапаттап, өз алғысын жеткізді.

«Халықты баспанамен қамту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Мемлекеттік қолдау мен ұлттық жобалар аясында соңғы 2 жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді.

Өңірде жыл басынан бері 900-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады. Биыл мемлекеттік бюджеттен бөлінген 34 млрд. 100 млн. теңгеге 2,5 мыңнан астам пәтер беріледі. Осылайша, тұрғын үй құрылысы көлемі 126 пайызға өсті. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінде оң серпін сақталып, облысымыз республика бойынша алдыңғы қатарға тұрақтады. Екі жыл бұрын облыс бюджеті 364 млрд. теңге болса, бүгінде 744 млрд. теңгеден асты. Бұл ауқымды қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалуда.

Тұрғындарды электр энергиясымен үздіксіз қамту бағытында 11 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда. Бұл желілердің тозу деңгейін 66 пайыздан 62 пайызға төмендетті.

Қалада инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осы уақытқа дейін Қызылорданың ең басты коммуналдық проблемасы болып келген көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету оң шешімін тапты. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен қаламыздағы 625 үйге ыстық су жеткізіледі. Жобаның жалпы құны 26 млрд. 200 млн теңге, бірінші кезеңде, яғни биыл 187 үйге, екінші кезең – алдағы жылы тағы 237 үйге ыстық су қосылады.

Ерекше атап өту қажет, өткен жылдан бері қаламызда 7, 9, 12 қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде. Бүгін өздеріңізбен бірге тағы 500-ге жуық отбасының қуанышын еселемекпіз. Қоныстарыңыз құтты болсын!» – деді облыс әкімі.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 × 2 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар