Қазалы ауданындағы жұмыс сапары барысында «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов және аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет құрылыс нысандарын тексеру жөніндегі жұмыс тобымен бірге жыл басында Әйтеке би кентінде пайдалануға берілген жаңа №288 мектептің жағдайымен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Заман талаптарына сай салынған жаңа білім ордасы заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жыл басында бірінші сыныпқа 43 бала қабылданып, бүгінде жалпы 352 оқушы білім алуда.
Өз кезегінде облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов ғимаратты аралау барысында анықталған кемшіліктер бойынша құрылысты жүргізген мердігер тарапынан қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.
Партия филиалының төрағасы айтылған кемшіліктердің уақытылы, сапалы орындалуына партияның аудандық филиалы, партиялық бақылау комиссиясы назарына алатындығын жеткізді.