Жүргізуші куәлігін алу үшін небір қулық әрекеттер тыйылмай тұрplaceholder

Бір аптада 6 бұзушылық: Жүргізуші куәлігін алу үшін небір қулық әрекеттер тыйылмай тұр

«Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Мамандандырылған бөлімінде тамыз айында бірнеше «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызметті алу барысында қызмет алушылардың тарапынан бұзушылықтар фактілерін анықтаған болатынмыз.

Тек 7-14 тамыз аралығында 6 құқықбұзушылық анықталды.

7-ші тамыз күні қызмет алушы А. деген азаматша «Жүргізуші куәлік беру» мемлекеттік қызметіне теориялық емтиханға кірген. Теориялық емтихан тапсыру барысында тыныштық сақтамай, өзге үміткерден сұрақ сұрағаны анықталды. Үміткерге жою жөнінде акт жасалынып, 3 ай мерзімге бұғатталды.

Сол күні 7-ші тамыз күні Ә. деген азаматша көлік басқаруға жіберу туралы № 073/у формалы медициналық анықтаманы QR арқылы “Damumed” қосымшасынан тексеру барысында басқа жеке тұлғаның ақпараты болып шығып, медициналық анықтаманың жалған екенін анықтадық.

2024 жылдың 13-ші тамыз күні қызмет алушы Б. деген азамат «Жүргізуші куәлік беру» мемлекеттік қызметіне теориялық емтиханға кірген. Теориялық емтихан тапсыру барысында қағазға жазылған ақпаратты пайдаланғандығы анықталды. Үміткерге жою жөнінде акт жасалынып, 3 ай мерзімге бұғаттадық.

Бүгіннің өзінде бірнеше құйтырқы әрекеттер анықтадық.

14-ші тамыз күні қызмет алушы В. деген азамат “Жүргізуші куәлік беру” мемлекеттік қызметін алу үшін теориялық емтиханға кірген. Теориялық емтихан тапсыру барысында қағазға жазылған шпаргалка пайдаланғандығын анықтадық. Үміткерге жою жөнінде акт жасалынып, 3 ай мерзімге бұғатталды.

14-ші тамыз күні қызмет алушы Г. деген азамат «Жүргізуші куәлік беру” мемлекеттік қызметіне теориялық емтиханға құжат тапсырған. Теориялық емтихан тапсыру барысында өзге қызмет алушымен ақпарат алмасқандығы анықталды. Үміткерге жою жөнінде акт жасалынып, 3 ай мерзімге бұғатталды.

14-ші тамыз күні қызмет алушы Ғ. деген азамат «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызметіне теориялық емтиханға құжат тапсырған. Теориялық емтихан тапсыру барысында өзге қызмет алушымен ақпарат алмасқандығы анықталды. Үміткерге жою жөнінде акт жасалынып, 3 ай мерзімге бұғатталды.

Атап айтсақ, «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызметіндегі теориялық емтихан бойынша шілде айымен салыстырғанда тамыз айында қызмет алушылардың сәтті тапсыруы 7%-ға өскендігі анықталды.

1-13 шілде аралығында 306 теориялық емтихан тапсырылып, оның 171-і сәтті тапсырған болса, тамыз айының 1-13 аралығында 388 теориялық емтиханның 242-сі сәтті тапсырған.

Бұзушылықтармен күресу жұмысымыз одан әрі де қарқынды жасалатын болады.

 

Aida Abibullayeva

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один + 5 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар