Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалында «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» жобасы аясында тақырыптық қабылдау өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Қабылдауды «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы А. Есмаханов және «Еңбек мобильділігі орталығы» ҚММ-нің басшысының орынбасары А. Ахметова жүргізді.
Тақырыптық қабылдауға келген тұрғындар жұмысқа орналасу және әлеуметтік көмек көрсету жайлы мәселелерді көтерді.
Азаматтардың өтініш-тілектері тыңдалып, жұмысқа орналасу мәселесі бойынша ең алдымен жұмыссыз ретінде тіркеліп, «Еңбек мобильділігі орталығына» өтініш жолдау керектігі түсіндірілді.
Өтініш иелерінің мамандықтары бойынша мекемелермен байланысқа шығып, жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері қаралды. Жастар тәжірибесі арқылы жұмыспен қамту үшін қажетті сұранымдар жолдау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.