459403541 820947866893126 8764397222425139102 nplaceholder

Өзекті мәселелер талқыланды

Жексенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты мекеме басшыларының қатысуымен арнайы мәжіліс өткізді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жиында тазалыққа, коммуналдық қызметтердің үздіксіз көрсетілуіне, қоғамдық көліктің уақытылы жүруіне қатысты мәселелер талқыланды.

Аймақ басшысы аталған бағыттарға ауқымды қаражат бөлінгенін, жан-жақты қолдау көрсетілгенін қаперге салды. Енді осының қайтарымы ретінде халыққа жоғары деңгейде қызмет көрсетілуі тиіс. Салынған нысандар сапалы болуы керек. Ауа райының қолайсыздығынан ғимараттар зақымдалса, мердігерлер жауапкершілікке тартылады.

“Күз мезгілі күшіне мініп, күн салқындап келеді. Осындай кезде оқушылар қоғамдық көлікті ұзақ күтіп қалмауы керек. Жаңғыртылу сатысындағы жолдардың мерзімінде аяқталғаны маңызды”,- деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Әрбір мәселені жеке-жеке саралаған облыс әкімі тиісті басшылардың тапсырмаларға жауапкершілікпен қарауын ескертті.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

семнадцать + четырнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар