Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БжЗқ-дан зейнетақы жинағын уақытынан бұрын алуды тоқтату туралы ұсынысты қолдайды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы ведовство басшысы Светлана Жақыпова мәлімдеді.
«Біз зейнетақы қорынан жинақталған қаражатты мерзімінен бұрын алуды тоқтату керек деген сарапшылардың ұсынысымен келісеміз. Қазір зейнетақы жинағының бір бөлігін алып қойғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайтынын көріп отырмыз, сондықтан мұны тоқтату керек», – деді ол.
Министрдің айтуынша, азаматтар бүгінге дейін зейнетақы қорынан 3 триллион теңгеден астам қаражатын мерзімінен бұрын алған.