461920519 2106914916370676 7049145831583187407 n 1placeholder

Қызылордалықтар жәрмеңкеге 600 тонна өнім апарды

Қызылорда облысының елордада өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 600 тоннадан астам өнім жеткізілді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Екі күнге жалғасқан тоқшылық мерекесінде сырдық ақ күріші мен айдынды Аралдың балығынан бөлек, ұлттық сусындар, көкөніс пен жеміс-жидек те халықтың сұранысына ие болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ауыл шаруашылығы жіне жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

– Арқа төрінде ұйымдастырылған бұл шараға астаналық тұрғындарға арнап 50-ден астам өнімнің түрі жеткізілді. Жәрмеңкеде 100-ге жуық Сыр дихандары мен тауар өндірушілері 80 жүк көлігіне тиелген құны 270 млн теңге болатын өнімдерді елорда тұрғындары мен қонақтарына ұсынды. Атап айтқанда, 300 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет өнімдері, 30 тоннаға жуық балық, 80 тонна көкөніс пен жеміс-жидектер, 180 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы мен 15 тоннаға жуық сүт және кондитерлік өнімдер жеткізілді. Айта кету керек, біз апарған өнімдер Астана нарығындағы бағадан 15-20 пайызға төмен бағада сатылды. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне жиналған жұрт арзандатылған отандық және табиғи өнімге қызығушылық танытып, зор ықыласын білдіріп, дән риза болды. Сонымен қатар, елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама да қойылды,- деді Талғат Тұрсынұлы.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

двадцать − 11 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар