Қызылордада заңсыз сақталған қаруларды тапсыру науқаны жүріп жатыр

Azattyq-news
1 Min Read

20 сәуірден бастап, бүгіннен бастап Қызылорда облысы аумағында заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті республикалық акция басталды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың қолында заңсыз сақталған қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды мемлекетке ерікті түрде тапсыруын қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті күшейту. Акция аясында азаматтардан тапсырылған қару мен өзге де қауіпті заттар үшін заңнамаға сәйкес өтемақы төленеді.
Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, тіркеуде жоқ атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Бұл – азаматтарға қауіпсіздікке үлес қосып, заңсыз сақталған заттарды еш кедергісіз өткізуге берілген мүмкіндік.
Осыған байланысты Қызылорда облысы тұрғындарын заңсыз сақтаудағы қару-жарақтарды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды жақын маңдағы полиция бөлімдеріне тапсыруға шақырамыз.
Қоғам тыныштығы мен ел қауіпсіздігі – әр азаматтың ортақ міндеті. Заңсыз қаруды тапсыру арқылы сіз қарумен жасалатын қылмыстардың, жазатайым оқиғалардың және төтенше жағдайлардың алдын алуға өз үлесіңізді қоса аласыз.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру