ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Azattyq-news
2 Min Read
Screenshot

Қызылорда облысында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында спорттық турнир ұйымдастырылды. Спорттық шара Қызылорда облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, командалық ынтымақтастықты нығайту және бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізілді.

Спорттық додаға өңірдегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс барысында қатысушылар шағын футбол және үстел теннисі спорт түрлерінен бақ сынады.

Турнир барысында қызметкерлер спорттағы шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, ұйымшылдық, өзара қолдау және командалық рух тұрғысынан да белсенділік танытты. Әрбір ойын тартысты өтіп, қатысушылар жеңіске деген жігерін көрсетті.

img 9341
Screenshot

Жарыстың қорытындысы бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жүлделі нәтижелерге қол жеткізді.

Атап айтқанда, үстел теннисі бойынша жарысқа 8 команда қатысып, Қызылорда облысы Полиция департаментінің командасы жоғары нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды. Департамент намысын Ағыбаев Нұрахмет Жәнібекұлы, Ахатаев Нұрбол Әбдікерімұлы және Алманиязов Талаптан Тағыбергенұлы қорғады.

Ал шағын футболдан өткен бәсекеде Полиция департаментінің командасы ІІІ орын иеленіп, турнирдің жүлдегерлері қатарынан көрінді.

Жарыс барысында спортшылардың физикалық дайындығымен қатар, командалық ойын, өзара түсіністік пен жауапкершілік қасиеттері де сынға түсті. Мұндай шаралар әріптестер арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, қызметтік ортадағы өзара сенім мен ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді.

img 9344
Screenshot

Спорт – салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды тетігі ғана емес, сонымен қатар ұжым мүшелерін ортақ мақсатқа жұмылдыратын тиімді құрал. Осы ретте құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында спорттық іс-шаралардың тұрақты түрде ұйымдастырылуы олардың бос уақытын тиімді өткізуіне, дене белсенділігін арттыруына және ұжымдық рухты қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мұндай бастамалар «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттаудың маңызды бағыттарының бірі саналады. Себебі қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқаратын мамандардың арасында өзара сыйластық, ұйымшылдық пен бірлік қалыптастыру – құқық қорғау саласындағы тиімді жұмыстың маңызды негіздерінің бірі.

Спорттық турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.

img 9343
Screenshot

Осындай спорттық және қоғамдық шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға, кәсіби және командалық байланысты нығайтуға өз үлесін қоса бермек.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру