459532591 2089809611414540 6091002621743151628 nplaceholder

Қызылорда облысынан 800 азамат әскерге барады

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес қыркүйек айынан бастап азаматтарды мерзімді әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Науқан жыл соңына дейін жалғасатын болады. Биыл облыс бойынша 800-ден астам азамат Отан алдындағы борышын өтеуге жіберілмек. Бұл туралы Қызылорда облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Шаңқұлов айтты.

– Облыс азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Ең әуелі өңірдегі 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтарға шақырту қағазы жолданады. Одан соң азаматтар шақыру қағазында көрсетілген мекенжайға келіп, медициналық сараптападан, тесттік тексеруден және полиграфиялық тексерістен өтеді. Биылғы жоспар бойынша ҰҚК Шекара қызметіне – 170, Ұлттық ұланға – 280, мемлекеттік күзет қызметіне – 10, ал Қарулы күштер қатарына 420 азамат жіберілетін болады,- деді Жасұлан Бөгенбайұлы.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

17 − 9 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар