2026 жылғы 26-28 мамыр аралығында Қызылорда қаласының аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда. Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды анықтау, сондай-ақ азаматтық қаруды сақтау және пайдалану талаптарының сақталуын бақылау.
Аталған шара барысында полиция қызметкерлері қару иелерінің тұрғылықты мекенжайларын тексеріп, қаруды сақтау тәртібінің заң талаптарына сәйкестігін қадағалауда. Сонымен қатар заңсыз айналымдағы қару-жарақтарды анықтау және олардың жолын кесу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын да күшейтіп, қаруды қауіпсіз сақтау талаптары мен заңнама нормаларын түсіндіруде. Бұл шара қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және заңсыз қару айналымын азайтуға бағытталған.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасы азаматтарға заң талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді. Сондай-ақ заңсыз сақталған қару-жарақтарды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын хабарлайды.
Қоғамдық қауіпсіздік – баршаға ортақ міндет. Осыған байланысты тұрғындардан күмәнді жағдайлар немесе заңсыз қару сақтау деректері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлау сұралады.
Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру
Пікір қалдыру
