Университеттегі «пәк» қыздардың тізімі таралып кеткен

WhatsApp Image 2024 02 14 at 14.15.54

Жоғары оқу орнында оқитын студент қыздардың «пәктігі» туралы мәлімет жалпақ жұртқа жария болды. Бірінші курстан төртінші курсқа дейінгі қыздар туралы ақпарат алғашында what’s app-топтар арқылы таралған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Атышулы тізімде бойжеткендердің аты-жөні, жеке сәйкестендірілген нөмірі, медициналық мәліметтері, соның ішінде гинекологқа тексерілу нәтижесі бар. Осылайша қыздардың пәк, пәк еместігі жазылған ақпарат желіде тараған.

Бұл туралы ҚР ғылым және білім министрі Саясат Нұрбек жеке деректерді, оның ішінде медициналық сипаттағы деректі тарату – заң бұзушылық екенін атап өтті.

«Бұл мәселе бақылауға алынды, себебі бұзушылық айқын көрініп тұр. Айыптылар заңнамаға сәйкес жазаланады. Дербес деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл жерде әкімшілік құқық бұзушылық болатын шығар», – деді МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1 × пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар