463964185 961992999299670 926513646315511935 nplaceholder

Әуежайдың жаңа терминалымен танысты

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партияның депутаттық фракция мүшелері Самат Нұртаза мен Максим Рожин «Қорқыт ата» атындағы әуежайдың жаңа терминалымен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Нысандағы құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Жобаға бағытталған 20 млрд теңгенің 15 млрд 700 млн теңгесі «Болат Өтемұратов» қорынан бөлінген. Жергілікті бюджеттің 4 млрд 300 млн теңгесі инфрақұрылымды дамытуға, абаттандыруға, яғни жылу, су, электр, телефон және кәріз желілерін, автожол жүргізуге жұмсалған. Қазір әуежай және оған іргелес аумақ абаттандырылып, инфрақұрылымдық жүйелердің барлығы жасақталған.

Облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы Байманов халық қалаулыларын жаңа терминалмен, ондағы соңғы үлгідегі техника жұмысымен таныстырды.

Бүгінде әуежай маңында «ЭКО такси» және қоғамдық көліктер қызмет етуде. Аталмыш терминал халықаралық стандарттарға сәйкес жасақталған.

Айта кетейік, нысанның құрылысы аймақ басшысының бастамасымен «Болат Өтемұратов» қорының демеушілігімен партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

восемь − 4 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар